Жастарға кеңес. Дәл осындай тақырыппен жастар бастамаларын дамыту орталығында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында диалог алаңы ұйымдастырылды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
«Заң және тәртіп» қағидаттары аясында жастарға Павлодар облыстық әділет департаментінің мамандары, сот орындаушылар, нотариустар, адвокаттары кеңес берді. Негізі мақсат - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
ЗАУЫР СОВЕТ, ПАВЛОДАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Павлодар ауданының жастары, оқушылары қатысты. Маңызды сұрақтар қарастырылды. Ол бізде интернет алаяқтық, кредит алып төлей алмай жатыр. Осы сұрақтарға спикерлеріміз жауап берді.
Айта кетейік, Жастар бастамаларын дамыту орталығындағы шара онлайн және офлайн форматта өтті . Ұстаздар мен оқушылар спикерлерге тікелей сұрақ қоя алса, қала тұрғындары әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы кеңес ала алды.
Самал Қалиқызы