Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына орай Павлодарда Әскери Даңқ музейінде шара өтті. Еліміздің тарихында терең із қалдырған батырдың ерен ерліктерін еске алуға арналған бас қосу туралы әріптесім тарқатсын.

Майданда 712-ші танкіге қарсы-жойғыш артиллериялық полкінде батарея командирі болып қызмет етті. Әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін және көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Бүгінгі әскери даңқ музейінде Махмет Қайырбаевтың ерліктеріне куә болған адамдар мен әскери қызметшілер бас қосты.

МИРАС САҒЫНДЫҚ, ӘСКЕРИ ДАҢҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Ең бірінші қадірлі қонақтар ретінде туған ұлы Мұрат Қайырбаев келіп отыр. 5512 әскери бөлімінің сарбаздарын шақырып. Павлодар облысының құрылуына ат салысқан адамдар келіп отыр және білген адамдардың ішінде отставкадағы майор Жан Қайыркенович деген кісі келіп отыр

Келушілерге Махмет Қайырбаевтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша мәлімет берілгеннен кейін, фильм көрсетілді. Ал шараның басты қонағы Мұрат Қайырбаев әкесінің өмірлік ұстанымдары мен асыл мұраты ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті.

МҰРАТ ҚАЙЫРБАЕВ, МАХМЕТ ҚАЙЫРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ

Әкем 1 қаңтарда 100-ге толды. Әкемнің есіне мына өзінің өмір баяның дұрыстап шығарайын деп кітап дайындадым. Сол кітапты бүгін ресми түрде мына жастарға жеткізейін деп тұрмын. Әкемнің жағдайын барлығы біледі. Оның өмірі Павлодарда Ертісте жүрді. Оны барлығы біледі

Айта кетейік, Павлодардағы әскери даңқ музейінде майданға қатысушылардың жеке заттары, фотосуреттері, жазбалары мен соғыс жылдарындағы құжаттар, сондай-ақ, батырлар мен ардагерлердің тарихи өмірін бейнелейтін басқа да құнды экспонаттар бар.

Байтұрсын Жұмабай