Облыс әкімдігінде Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда сенаторлар облыс әкімімен бірге Павлодар облысында жұмысшы мамандықтарға жасалып жатқан жағдайлар барысы баяндалды.

Жиын «Еңбек адамы - ұлттық экономиканың өсуі мен ұлттың өркендеуінің негізі» тақырыбында өтетін парламенттік тыңдауларға дайындық және Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналды.

НҰРТӨРЕ ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Біздің әріптестеріміз екі үлкен колледжге барды. Сосын Алюминий, Мұнай химия зауытының жұмысымен танысты. Жұмысшы мамандықтарына деген мәртебесін арттыруға байланысты, қағидаттарды көрдік. Бір сөзбен айтқанда, жастар династиялық тұрғыда еңбек жолдарын жалғастырып жатыр. Жақсы үлгісін көрдік.

Кездесу барысында облыс әкімі Асайын Байханов жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру жөніндегі өңірлік кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы айтты. Жалпы үш бағытқа ерекше назар аударылып отыр деді.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аймағымыздың 405 мың экономикалық белсенді халқының 60%-дан астамын жұмысшы мамандықтардың өкілдері иеленетінін атап өтті. Талдау алдағы жылдары жұмыс күшіне деген қажеттілік тек арта түсетінін көрсетті. Алдағы жылдарда жұмыс күшіне қажеттілік арта түседі. Мемлекет басшысы жарияланған жылға жоспар бекітілді. Техникалық және кәсіптік білім беру орныдарын жаңғыртуға 1 млрд теңге бағытталған. Оның тең жартысы бюджеттен, қалғаны екі үлкен ұжымның тарапынан берілген жәрдем. Колледжерді жаңарту жоспарланып отыр биыл.

Екінші кезекте жұмыс істейтін жастар қатарындағы студенттер үшін 100 млн теңгеге жаңа ынталандыру сыйақылары мен гранттар тағайындау. Үшінші кезекте жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіпорын қызметкерлерін ынталандыру.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Әсіресе тұрғын үй қамту, санаторияларды демалыс ұйымдастыру. Бұнымен қоса биыл 58 кәсіпорын жалақыны о рта есеппен 15 пайызға арттырады. 350-400 мың теңгеге дейін жететін болады.

Осы ретте, аймақ басшысы өңірде жұмысшы мамандықтарының тапшы екенін де ашық айтты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тапшылық бар. Мыңға жуық мамандар бойынша мамандарға тапшылық бар. Колледждер арқасында. Оңтүстіктен көші қон арқылы көшу жасап жатырмыз, мамандарды тартудамыз.

Айта кетейік, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелерді талқылауға комитет мүшелері Айнұр Арғынбекова, Талғат Жүнісов, Алтынбек Нұхұлы, Әсем Рахметова, Руслан Рүстемов, Амангелді Толамисов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен кәсіподақтар қатысты.

Самал Қалиқызы