Шаңырақ халық мәдениет орталығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Айтыстың алтын ғасыры» атты республикалық ретро-айтыс өтті. Оған ұлттық өнердің марқасқалары қатысқан айтыста ине шаншар орын болмады. Толығырақ тілші тарқатады.

Айтыс – қазақпен бірге жасап келе жатқан рухани қымбат қазынамыз. Оны бір сәтте, бір демде халық санасынан жоғалту мүмкін емес. Ал өңірімізде алғаш рет өткен ретро айтыстың көрермен үшін маңызы бөлек.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, АЙТЫС АҚЫНДАРЫ МЕН ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Біраз жылдан кейін мына ретро айтысты қайта жаңғыртып жатырмыз. Алдыңғы буын ағалар, кейінгі толқын інілер деп Абай айтқандай осы 80-90 жылдары қазақ айтысының туын көтерген,иөшін бастаған біздің аға-буын қатысады. Ақындар өздері осындай ұсынып жасап, халық бізді сағынды, біз халықты сағындық деп мауқымызды басып айтысайық деген өтініштерін айтып жүретін.

Бұл айтыстың ерекшелігі жас ақындар қатыспайды. Сонау 80-90 жылдары қазақ айтысының гүлі болған , халықтың сүйіспеншілігіне бөлінген ақындар елдiң түкпiр-түкпiрiнен жиналып, аламан дода жасады. Ертіс-Баян өңірі оларға құрмет көрсетіп, Мәшһүр Жүсіптің 10 томдық кітабы мен 500.000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық дайындады.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өңірімізде үлкен айтыстардың қатарында бір халықаралық айтыс күтілуде, ол жаз мезгілінде өтетін Иса Байзақов атындағы дода болады. Одан кейін тағы 4-5 жобамыз бар. Оның ішінде аудандық, облыстық, балаларға аралған айтыстар болады

Сахнаға қайта шыққандардың қатарында ғұмыр бойы сөз өнерін серік еткен Айтақын Бұлғақов, Серік Құсанбаев, Жұмкен Сейітов, Бейсенбі Мұқажан сынды бірқатар ақындар бар. Олар көпті күлдіріп, айтыстың жарасымды үлгісін көрсетті. Қызылордадан келген Серік Ыдыросов осыдан 25 жыл бұрын айтысқа қатысқан.

СЕРІК ЫДЫРЫСОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН

Қаныштың, Әлкей Марғұланның, Жүсіпбек Аймауытовтың топырағы , осы барлығы қазақ руханиятының нағыз үлкен қазыналары ғой. Соларды жырға тілек етіп, өлеңге қосып, бүгін бір марқайып қалдық

Сахнаға шыққан 8 жұпта суырып салмалығымен дес бермеді. Сөзден сүрінбеді. Жыр додасында бақ сынаған ақындар сөзге шешендігі мен ой ұшқырлығын көрсетті. Өңердің марқасқалырын сағынған халық қошеметтеп, ыстық ықылас танытты.

Қымбат Садық