Павлодар қаласындағы ойын-сауық орталықтардың бірінде «Қызметті өзің ал» атты акция өтті. Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – тұрғындарға электронды мемлекеттік қызметтерді қалай алу керектігін үйрету. Мамандар азаматтарға электронды цифрлық қолтаңбаны, eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасын пайдалану жолдарын көрсетті.Тұрғындарға арнайы брошюралар мен буклеттер таратылды. Бұл ақпараттық материалдарда мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың қарапайым жолдары жазылған.
ІҢКӘР ӘШІМ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Электрондық форматтарды қлай алуға жайында ақпарат таратады. Соның ішінде.....Үйден шықпай ақ ала алады.
Осындай шаралар тұрғындарға үлкен көмек берді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай акциялар өткізуді жоспарлап отыр.
Сабина Жолдаспаева