«Даму» қоры ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге субсидиялар, жеңілдетілген несиелер мен гранттар беру арқылы шағын және орта бизнесті белсенді түрде қолдауды жалғастырды. Қордан қолдау тапқан салалардың ішінде спорт та бар.
Павлодардағы бұл теннис орталығы 2011 жылы ашылды. Онда төрт жабық және бір ашық теннис корты бар. Олардың барлығы әлемдік үздік өндірушілердің кәсіби жабынымен жабдықталған. Биыл орталыққа жөндеу жұмыстарын, атап айтқанда шатыр ауыстыруды қажет етіп, шағын және орта бизнесті қолдау аясында жеңілдетілген несие алды.
НАТАЛЬЯ ЩЕМЕЛЬ, ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазір шатырды жөндеу керек. Бұл біршама шығынды қажет ететін жұмыс. Қолдаушы ретінде «Даму» қорына жүгіндік. Олар жеңілдетілген несие түріндегі инвестицияны ұсынды
Ал, «ЮрРеалСтрой» компаниясы жаңа спорттық жобаны жүзеге асыру үшін 40 млн теңге көлемінде несие алды. Осылайша, жаттығу мен жарыстарды жыл бойына өткізуге жағдай жасайтын жабық футбол алаңы салынды. Сондай-ақ кешенде теннис пен волейболға арналған заманауи алаңдар құрылады. Нысан осы спорт түрлерінің әуесқойлары мен кәсіпқойларына қосымша мүмкіндіктер береді.
Облыста спортты дамытумен айналысатын шағын және орта бизнесті қолдауға, спорт секцияларының санын көбейтуге, инфрақұрылым сапасын жақсартуға және барлық жас санаттары үшін іс-шаралардың қолжетімділігін арттыруға көптеген мүмкіндік жасалады.
Жанасыл Серікбол