Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, тарихи тұлға Шоң би Едігеұлының 270 жылдығына арналған альбом кітапша жарыққа шықты. Шараға зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар тарихи тұлғаның бейнесі мен атқарған еңбегіне тоқталды.
Шоң би Едігеұлының 270 жылдығы былтыр аталып өтті. Сол кезде 3Д форматындағы альбом кітапша дайындалған. Онда әйгілі би және оның заманы жайлы деректер топтастырылған. Деректер суреттермен әрленіп жеткізілген.
МЕЙРАМ НҰҒЫМАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
Деректер шағын берілген. Суреттермен берілген. Бұл жерде Шоң бидің өмірі мен қызметі, істеген істері, тарихта қалған оқиғалар болса, екінші жағынан Шоң биге арналған іс-шаралардың тізбегі де берілді. Бұндағы мақсатымыз Шоң бабаны насихаттау, ол кісінің елге, жерге жасаған қызметін насихаттау, жас ұрпақтың бойына сіңіру. Қазір ел басқару ісі жеке ғылым ретінде зерттеледі. Сол ел басқару ісінде кімдер үлгі болады дегенде осы кісілерді көрсете аламыз.
Альбом өткен жылғы мерейтойына арналып жасалса да, тұсауын кесіп, көпшілікке таныстыру рәсімінің сәті бүгін түсті.
Шараға жиналған зиялы қауым өкілдері Шоң, Шорман, Үкібай сияқты үш би сол уақыттағы қоғамға айрықша еңбек сіңіргендігін айтты.
МҰРАТ РАХМЕТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Халқын босытпаған. Хал-ахуалын төмендетпеген. Жетім-жесірді ешқайда шығармаған. Жетім-жесір болмаған. Өздерің жақсы білесіңдер ол кезде түрме де жоқ. Сот та, прокурор да жоқ. Заң орыны да жоқ. Бар заңды, бар билік айтып отыратын осы үш би. Осының бәрін істеп халыққа беделді болып, халыққа қызмет істеген адамдар.
Аға буын өкілдері ұлысын ұлықтап, асыл ардақтаған жас буын өкілдеріне ризашылықтарын білдірді.
Жанасыл Серікбол