Ақсу қаласында «Отбасы және мектеп: Ұлттық тәрбиенің негіздері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Ел бойынша іске асырылып жатқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының осы уақытқа дейінгі жұмыс нәтижесі көрсетілді.

Шараға облыстың барлық аудандарынан педагогтар, қоғамдық бірлестіктер қатысты. Барлығы да ұлттық тәрбие негізін орта мектепте қалай іске асыруға болатындығы жөніндегі ойларын ортаға сала келді.

АЙЖАН ҚАСЕНОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Ақсу өңірінің үлкен 7 мектебі қатысуда. Барлық ұстаздары мен мектеп директорлары қатысуда. Даналақы мектебінің жетеушілері жұмыс жасауда бізбен. Даналық мектептебінің аталар, әжелер клубтарының төрағалары мен төрайымдары қатысуда.

Семинар аясында 8 алаң құрылды. Әр алаңда ұлттық тәрбие мен дәстүр негіздері көрсетілген. Ақсу қаласында құрылған «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі де шараға белсенді ат салысты.

ШАМШИЯ ҚҰСАЙЫНОВА, «АСЫЛ МҰРА» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Бір-екі адам болса да қыздарымызды қолөнерге үйретіп, қыздарымызға ақылымызды айтамыз. Жастарымыз бақытты болсын дейміз. Аспанымыз ашық болсын. Бүгінгі іс-шарада қолөнерімізді алып келдік. Әжелерімізғ апайларымыз, жас келіншектер бар. Бәріміз өнерімізді көрсетуге келдік

Біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызы зор. Негізінен ұлттық мәдениетті, ұлттық болмысты бағыт етеді.

МАЙЯ ТЕМІРБОЛАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Ақсу өңірінде осы бағдарламасын іске асыру бойынша бүгін міне жауапты шара болып жатыр. Бір жыл бойы істеген жұмыстардың нақты нәтижесін көрсетіп отыр. Біртұтас тәрбие бағдарлмасы 2023 те енгізілді. 2024 те жаңартылды ғой. Онда нақты бағыттар қойылған. Сол бойынша бүкіл мектептер өз жұмыстарын атқарып отыр

Біртұтас тәрбие болашақ ұрпақтың құндылықтарын қалыптастыруға негізделген бағдарлама. Ал, ол құндылықтардың ұлттық бағыта болғаны ел болашағы үшін маңызды.

Жанасыл Серікбол