Павлодарда 83 жастағы зағип зейнеткер ноталық жазбаларды Брайль шрифтына салады. Осылайша ол көру қабілеті төмен адамдарға музыкалық сауаттылықты үйретеді. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Женисгүл Садыкова 83 жаста, ол ерте жаста көз жанарынан айрылған. Соған қарамастан Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде білім алды. Бірақ ол музыка әлемін зағип жандарға қолжетімді қылу мақсатында, ноталарды Брайль шрифтіне салу жобасына қатысты.

ЖЕҢІСГҮЛ САДЫҚОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Новый проект он нужен для будущего... жаңа жоба ол жастарға өте қажет. Себебі қазіргі уақытта ноталарды Брайль шрифтіне салып жазатын адамдар жоқ. Біз сол нәрсені үйрендік, және жастарға жеткізгіміз келеді.

Осы жобаның арқасында көзі нашар көретіжәне зағип жандар музыкамен жақын таныса алады. Бұрын қолжетімсіз болған шығармаларды орындай алады.

ЖӘМИЛЯ ЖИГОМПАР, МУЗЫКАЛЫҚ ЖЕТЕКШІ

Негізі зағип жандармен жұмыс жасау жеңіл. Себебі олар бірден қағып алады. Олар жазып жатпайды, не тыңдайды соны қағып алады. Есту қабілеттері жақсы.

Арнайы кітапханада 70 мыңға жуық кітап бар. Олардың 7 мыңы Брайль шрифтімен жазылған. Кітапхана қызметкерлерінің сөзінше, осындай баспалардың саны артып келеді. Оқырмандар оны кітап оқу үшін ғана емес, доқу орындарына түсуге де пайдаланады екен.

ЖАМАЛ КЕНЖЕБЕКОВА, ЗАҒИП ЖӘНЕ КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАНЫҢ БАСШЫСЫ

Кеше бізге мүлдем зағип жас жігіт келді. Біз оған Брайль бойынша материал дайындадық. Ол музыкалық мамандыққа емес, заңгерлік мамандыққа барғысы келеді.

Бұл тәсіл инклюзивті қоғамға қажетті қадамға айналды. Мұнда әркім өз әлеуетін жүзеге асыра алады, өйткені өнерде шекара жоқ.

Самал Қалиқызы