Жастар бастамаларын дамыту орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шара жұмыс іздеп жүргендер мен қызметін өзгертуді көздегендерге жаңа мүмкіндік береді. Толығырақ келесі сюжетте.
Жұмыс істеуге ниетті адамға әрдайым мүмкіндік бар. Жыл сайын бірнеше рет өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өңірдің мыңдаған жас маманына тұрақты табыс көзін табуға көмектеседі. Биыл жәрмеңке орталықта алғаш рет өтті. Шараға көпшілік қызығушылық танытты.
ЖАНСҰЛУ АЙТЖАН, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Бүгін бізде алғашқы рет осы жылдың бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп жатыр. 30 ға жуық жұмыс берушілер келді. 300ге жуық жұмыс іздеушілер келді. Жастары 16 жастан 35 ке дейін. Бірақ бізде шектеу жоқ. 35 жастан жоғар келіп жатыр. Статистика бойынша алдыңғы жылға қарағанда осы жылы бірінші ай болса да біраз көп келді жұмыс іздеушілер.
Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Шараға техникалық бағыттағы мамандықтар ұсынылды. Оған студенттер, орта жастағы азаматтар да қатысты. Жұмыс берушілер мен ізденушілер ашық алаңда тікелей кездесті. Отызға жуық мекеме бос жұмыс орындарын ұсынып, жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Мұндай шаралар жастар үшін таптырмас мүмкіндік.
АЛДИЯР ЗЕЙНОЛЛА, СТУДЕНТ
/Бухгалтер мамандығында 3 курс оқып жатырмын. Бүгін колледжан бізді мамандық таңдауға жіберді. Клді мында қарадық, өзімде де қызығушылық болды мамандық қарауға. Бухгалтер мамандығын қарастырдым бірақ көбінесе техникалық мамандар керек. мастерлар әртүрлі деңгейде. Өзімде де қығығушылығым болды техникаға. Бір деңгейлерім бар, бардым сөйлестім. Әртүрлі мамандықтарды беріп көрді. Енді колледж аяқатаған соң барып көреміз, қандай мамандықтар бар. Қазір мен колледж бітірген соң мүмкін жоғары оқу орнына басқа мамандыққа түсіп, аяқтаймын.
Ұйымдастырушылар мұндай шараларды тұрақты өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жәрмеңке жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа кәсіби бағыттарды таңдауға көмектесті. Айта кетейік былтыр осы жобалардың арқасында жүздеген тұрғын екі қолға бір күрек тапты.
Сабина Жолдаспаева