Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Павлодар Дарыны мен Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп бірлесіп, қалалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Дебат турнирі «Ғайып кап» деп аталды.

Дебат ойындары интеллектуалдық қабілетті дамытып, сыни ойлау мен сөз саптау қабілеттерін қалыптастыра түседі. Жыл сайын оқушылардың осындай шараға деген қызығушылықтары артып, қатысушылар мен дебаттық клубтардың саны көбейіп келеді. Павлодарлық оқушылардың да жеткен жетістіктері көп.

АҚМАРАЛ МҰХАМЕДЖАНОВА, ПАВЛОДАР ДАРЫНЫ БОС УАҚЫТТЫ ҚАМТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған мектептерінің 6 командасы қатысып отыр. Бұл біздің оқушылар үшін екіжаққа да тәжірибе деп ойлаймын...жақсы мүмкіндік туып тұр. Жалпы, Павлодар қалсы пікірталас ойындары жақсы дамыған. Себебі былтырғы жылдары республикалық турнирлар өткіздік, сондықтан мықты командалар

Айта кетейік турнирді 8-сынып оқушысы Жансүлу Біржан ұйымдастырды.. Бұл жолғы жарыста 24 команда, 48 қатысушы жолықты. Олар біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Заң және тәртіп» тақырыбын көтерді.

ЖАНСҰЛУ БІРЖАН, МҰЗАФАР ӘЛІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Жалпы бул турнирдің форматы британдық парламенттік формат. 24 команда, 48 қатысушы қатысып жатыр. Ойын барысында әрбір спикер 7 минут сөйлейтін болады.Өз ойын сыни тұрғыдан дәлелдеп, ойларын еркін айтатын болады. Жалпы осы турнирдің мақсаты ең алдымен Павлодардағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, екіншіден ұоғамда өз ойын еркін, тәжірибелі түрде айтатын спикерлерді дайындау және олардың санын көбейту

Пікісайысшыларды бұл заманның ойшылдары десек артық айтқандық емес. Алаңға жиналған оқушылар ойларын жүйелеп, тыңдап, талдап мәселенің басын ашуға тырысты.

Шара соңында 1,2,3 орындармен қатар үздік спикер анықталды. Қатысушылар диплом, кубоктармен марапатталды.

Қымбат Садық