Оқушылар сарайында ұлттық құндылықтарды негіздеген "Қазақ елі" атты шара өтті. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, патриоттық тәрбиені негізін тереңдетуді көздеді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Шара жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруға, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және Қазақстанның бай мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталды.
ЖАҚСЫБЕК ЕШІМҚҰЛОВ, М.КАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында осы апталық бойы «Қазақ елі» деген іс-шаралар легін өткізіп жатырмыз. Сол бойынша бүгінгі таңда қазақ дәстүріне, Ата Заңға байланысты бірнеше шаралар өтті. Ал бүгін қазақ костюмдерінен дефиле болды, квест ойындар және қазақтың әні мен күй өнерімен танысу рәсімі өтеді
Мұнда ұлттық өнер көрмесі ұйымдастырылды, онда халқымыздың дәстүрлі шығармашылығы, қолөнері мен мәдени құндылықтары ұсынылды. Қатысушылар қызықты квест ойындарын ойнап, еліміздің табиғи байлығын танып, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік алды.
ӘЙГЕРІМ ТҮСІПБЕКОВА, М.КАТАЕВА АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ
Квест ойындарын мүлдем басқа бағытта өткіземіз. Жұмбақтарды шешуден бастап шығармашылық тапсырмаларға дейін әртүрлі ойындар болады. Ұпайлардың орнына біз петроглифтер береміз. Бұл өте маңызды, өйткені петроглифтер өткен ұрпақпен байланысымызды білдіреді
ГҮЛЗИЯ ӘБІЛДИНОВА, М.КАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ
Республикалық біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ұлы дала» квест ойыны өтіп жатыр. Бұл ойынды «Жас ұлан» ұйымы өткізіп жатыр. Мұнда 7 станция болады. Отансүйгіштікті, туған жерге деген құрметін, патриоттық сезімін және елге деген мақтануын білдіреді
Концерттің соңында "Жас ұлан" және "Жас қыран" ұйымдарының қатысуымен "Менің туым" флешмобы өтті. Ал «Мұрагер» үлгілі халық аспаптар оркестері кеш көрігін келтірді.
Оқушылар сарайына 3000-ға жуық бала келеді. Сондықтан "Қазақ елі" шарасы өскелең ұрпақтың елге, тарихқа және мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Қымбат Садық