Павлодар қаласындағы кардиологиялық орталықтың шұғыл көмек көрсету бөлімшесіне тәулігіне 30-ға жуық адам көмек сұрап жүгінеді. Пациенттер сол жерде түрлі сараптамаларды тапсырып, емдеудің келесі кезеңіне жіберіледі.

Павлодар қаласында Луначарского көшесі 1 мекенжайындағы кардиологиялық орталықтың шұғыл қабылдау бөлімі 24/7 жұмыс жасайды. Облыстағы жүрегі ауырған барлық науқастар алдымен осында жеткізіледі.

ӘСЕМ ЖАНИСОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Бізге инфрактқа күдігі бар, параксизмалы формадағы ритмнің бұзылуы, қан қысымымен, өкпенің ісінуімен, мұрыннан қан кетумен науқастар түседі. Алдымен 24 сағат ПИТ палатада қараймыз.

Яғни сырқаттанушылардың жағдайына байланысты бөлімшеде олар қалай, қайда емделетіні анықталады.

ӘСЕМ ЖАНИСОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Біз триаж жүйемен жұмыс жасаймыз. Егер шұғыл түрде болса, қызыл жолақпен жеткізіледі. Біз оларды интенсивті терапия палатасына жеткіземіз. Анализдер алып, ЭКГ жасаймыз. Пациентті емдеу тәсілдеріне көшеміз, керек болса коронораграфияға апарамыз. Анализдерді алғаннан кейін, нәтижесіне қарай науқастарға ауруханаға ары қарай жату, емханада амбулаторлық емделу ұсынылады.

Кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлімшесіне тәулігіне 30-35 адам түседі. Олардың ішінде жедел жәрдеммен келгендер де, өздері келгендер де басым. Мәселен, мында тәулігіне жүректің ишемиялық ауруымен, инфрактпен 5-7 адам, ритмнің бұзылуымен 10 адам, өкпе эмболиясымен 1-2 адам, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен адамдар түседі.

ӘСЕМ ЖАНИСОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Ткачев көшесіндегі кардиологиялық орталыққа кардиохирургиялық, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен науқастар барады. Инсультті орталық та сонда. Бізге түскен пациенттер қажет болса ол жаққа жеткізіледі.

Сонымен, кардиоорталықтың қабылдау бөлімінде күндіз 3, түнде 2 дәрігер кезекшілік етеді. Оған қоса басқа медициналық мамандар бар. Сондықтан бұл жерге түскен науқастар көмекті шұғыл әрі сапалы алады.

Самал Қалиқызы