Павлодарда «Киберқылмыстарды тергеудің жаңа әдіс-тәсілдері» атты өңіраралық семинар өтті. Онда интернет арқылы жасалатын қылмыстар және онымен күресудің жолдары айтылды.
Киберқылмыста шекара жоқ. Сондықтан, оған қарсы күресті жиі жетілдіріп, жаңартып отыру қажет. Жиынның негізгі негізгі міндеті де осы. Интернет арқылы жасалатын аялаяқтық жыл сайын көбеймесе, еш аза ймайды.
Шара барысында кибер қылмысқа тікелей әсер ететін симбокс құрылғыларды іздестіру және тәркілеу тәртібі жайлы кеңінен айтылды. Ең басты түсіну керек дүние интернет алаяқтық үнемі дамып отырады. Бір елдің тұрғыны екінші елдің азаматтарын алдай алады. Сондықтан, халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істеу маңызды.
Ел бойынша 4 айдың ішінде 42 мың қылмыстық іс тіркелген. Оның 15 мыңы, яғни, 35 пайызы интернет алаяқтық. Қазір ішкі істер министрлігінде дәл осы интернет алақтығы бойынша 10 мың іс тергеліп жатыр.
Семинарға сот, прокуратура, қаржы мониторигі агенттігі мен байланыс операторларының өкілдері мен цифрлық сала мамандары да шақырылды.
Жанасыл Серікбол