Облыста тұрмыстық және өндірістік қалдықтар мәселесі өткір тұр. Экологтардың мониторингі кезінде жүздеген заңсыз қоқыс орындары жабылған. Бұндағы бассыздықтар үшін атқамінерлерге дейін жаза арқалап жатыр. Мәселенің мәнісі облыстық қоғамдық кеңесте қаралды.
Облыста қазір 300 ден астам қоқыс алаңы бар. Ең қиыны оның тек төртеуі ғана заңдастырылған. Бірі Баянауылда, бірі Павлодарда, қалған екеуі Екібастұз бен Ақсуда. Соңғы уақытта экологтар бұл мәселені ғарыш арқылы бақылауды қолға алған. Бірқатар шаралар да қолданылыпты.
Жомарт Кәрімов, Павлодар облысы экология департаменті инспекция бөлімінің басшысы
«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясымен бірге мониторинг жүргізілді. Бұл шара кезінде стихиялық қоқыс орындарын анықтадық. Облыста олар өте көп. Биылдың өзінде олардың 172-сін жойдық. Алайда, биыл жойғанымызбен келеі жылы қайтадан пайда болады. Бұл тұрғыда жүйелі жұмыс керек.
Бұл қала аумағындағы мәселе. Бұдан бөлек ауыл-аймақтардағы жағдай да мәз емес. Санитарлар ауылдық елдімекен маңындағы 321 қоқыс үйіндісі санитарлық нормаларға сәйкес келмейді дейді. Экологиялық рұқсат құжаттары да жоқ. Бұл орындарда қалдықтарды өңдеу бойынша коммуналдық және өзге де кәсiпорындар қызмет көрсетпейдi. Сондықтан олар ондаған жылдар бойы қордаланған күйінде қалып келедi.
Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Кәсіпкерік кодекске сәйкес бұл мәселеге тәуекелі бар деп табылған нысандар ақпараттық жүйесі автоматтандырылған. Сондықтан, 2025 жылы бұл мәсеге қатысты тексерулер жүргізілген жоқ. Павлодар мен Екібастұздағы полигондарға осы кодескке сәйкес тексеру жүргізілмеді. Оларға заңды және жеке тұлға тапарынан шағымдар да болған жоқ.
Жиында бұл мәселенің шешу үшін жасалған қадамдар да айтылды. Ол үшін бірқатар жобалар жасалған. Қоысқы қайта өңдейтіңн кәсіпорындар да құрылған екен.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Павлодар облысында жыл сайын 300 мың тонна қоқыс шығарылады. Оның 100 мыңы өңделеді. Аймақта қалдықтарды қайта өңдеу саласы белсенді дамуда. 9 кәсіпорын сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асырып жатыр. «Жасыл Даму» стратегиясы шеңберінде жаңа жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылуда. Павлодар үшін қоқыс өңдеу зауытын салу, пластик пен аккумулятор батареяларын қайта өңдеу өндірістерін құру жоспарлануда.
Жиын барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселені жылдам шешеді деген ойлар ортаға түсті. Ортақ шешім үшін араға уақыт салып қайта жолығуға уағдаласты.
Басты мәселе қоқыс орындары заңдастырылуы керек. Одан кейінгі қоқыстарды қайта өңдеу жұмыстары күшейтілуі тиіс. Оған мемлекет әлібетте мүдделі. Құлшыныс танытып отырған кәсіпкерлер де бар.
Жанасыл Серікбол