Баянауылдықтарға «JanaMen» командасы мен белгілі рекордсмен Айтым Жакупов келді. Баянауыл Солтүстік-Шығыс Қазақстан қалаларын қамтитын үлкен дене сауықтыру турдың символдық бастамасы болды. Толығырақ тілшіміз әңгімелесін.
Ауқымды денсаулық шарасы тұрғындар мен мектеп оқушыларына арналған спорт пен салауатты өмір салты туралы мазмұнды дәріспен басталды. Шараны қолдауға келген халықтың қарасы қалың болды. Салауатты өмір салтын насихаттаушыларды ұйымдастырушылар ерекше ықыласпен қарсы алды.
Қанат Сабық, Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Жалпы, Айтым Жакуповтың командасы Баянауылдан басталып жатыр. Жаңа мен командасынан ұсыныс түсті біз қолдаймыз. Бұндай спорт комплексінің бір септігі болып отыр. Қазір шамамен 400 адам дай келді.
Дәрістен кейін қатысушылар таза ауада жаттығу жасады.
Айтым Жакупов, «Janamen» жобасының негізін қалаушы
Біздің жобаны бақылап отырған шетелдік көрермендер аз емес. Сол себепті, тек дұрыс тамақтану мен артық салмақтан арылу жолдарын ұсынумен шектелмей, еліміз туралы әлем жұртшылығының көбірек білуін де қалаймын.
Аталған сапарға қатысушы, рекорд иесі әрі артық салмақтан арылуға көмектесіп жүрген белгілі спортшы Айтым Жакупов жол барысында денсаулығына шағымы бар жандармен тілдесіп, оларға қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.
Айтым Жакупов, «Janamen» жобасының негізін қалаушы
Сапардың мақсаты ауыл аймақты аралап денсаулығына шағымы бар жандарға қолдау білдіру. Бұндай кездесу барысында медицина саласының мамандары тегін түрде оларға кеңес беріп, көмек көрсетеді. Ал егер әрине жағдайы ауыр болса өз жобамызға шақыратын боламыз.
Баянауыл ауданы бойынша мамандарға екі тұрғын жүгінді. Олардан арнайы анализдер алынып Астаналық мамандарға жолданды. Ал жоба аясында келген дәргіерлер оларға өз кеңестерін ұсынды.
Айта кетейік, спорт пен салауатты өмір салтын серік еткен азаматтар үшін бұл турдың алғашқы аялдамасы Баянауыл ауданы. Алдағы күндері ол Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында жалғасады.
Байтұрсын Жұмабай