Өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайын қалай білуге болады
23 тамыз күні Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Павлодар облысының тұрғындарына сайлаушылар тізіміне енгізілгенін алдын ала тексеріп, сондай-ақ өз сайлау учаскесінің мекенжайын нақтылап алу ұсынылады. Бұл дауыс беру күні туындауы мүмкін түсініспеушіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Сайлаушылар өз учаскесінің мекенжайын Call-орталықтар арқылы немесе жеке деректерін WhatsApp нөміріне жолдау арқылы біле алады. Call-орталықтар облыстың барлық қалалары мен аудандарында жұмыс істейді. Олардың байланыс нөмірлері әкімдіктердің ресми сайттарында жарияланып, аумақтық сайлау комиссияларының әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған. Жұмыс уақыты – күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Гүлнар Аманжолова, Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
«Павлодар облысында Құрылтай депутаттарын сайлау 522 сайлау учаскесінде өтеді. Оның 21 і шектеулі учаске. Жалпы 536 комиссия жүмыс істейді. Оның біреуі облыстық, 13 қалалық және аудандық комиссиялар. Ол комиссияларда 3446 адам жұмыс істейтін болады.»
Сондай-ақ сайлаушылар өздерінің ЖСН-ін «Сайлау учаскесін іздеу қызметі» Telegram-ботына енгізу арқылы сайлау учаскесін анықтай алады. Бұдан бөлек, «Өзіңіздің сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн қызметі облыс әкімдігі мен қала және аудан әкімдіктерінің интернет-ресурстарында да қолжетімді.