Негізгі Жаңалықтар Сайлауда қалай байқаушы болуға болады

Сайлауда қалай байқаушы болуға болады

23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауының ашықтығын кім қамтамасыз етеді? Облыс тұрғындары сайлау байқаушысы болу үшін не істеуі керек? Қандай талаптар қойылады және алдағы сайлау науқанына қатысқысы келетіндер нені білуі қажет? Бұл туралы келесі материалымызда.



Ең алдымен, байқаушы болу үшін сайлауға қатысатын саяси партиялардың біріне жүгінуге болады. Ал егер азамат тәуелсіз мәртебесін сақтағысы келсе, ресми түрде аккредиттелген қоғамдық бірлестікке немесе коммерциялық емес ұйымға хабарласа алады. Облыста мұндай жеті ұйым бар. Солардың ішінде ең тәжірибелісі – «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өңірлік филиалы.

Алма Қозыбаева, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының облыстық үйлестірушісі

Сайлауда бақылаушы болуға ниетті жандар өз анкеталарын алып, бізге келулеріне болады. Біз Жеңіс алаңы 3, 80 - кеңсе мекенжайындамыз. Бақылаушы болғысы куелетін адам жасы 18 ден асқан, бұрын бақылаушы ретінде тәжірибесі болуы керек. Әрине, ең бастысы адалық, өз ісіне жауаптылық талап етіледі. Біз сайлау жарияланған кезден бастап, нәтижесі белгілі болғанға дейінгі кезеңде маңызды әрі ауқымды жұмыс аьқарамыз. 

Тіркеуден өткеннен кейін әрбір байқаушы арнайы оқытудан өтеді. Онда сайлау учаскесіндегі жұмыс тәртібі, құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріледі. Байқаушы сайлау учаскесін өз бетінше таңдай алмайды. Учаскелерді қоғамдық ұйым өкілдері мүмкіндігінше көбірек сайлау учаскесін қамту мақсатында өздері бөледі.

Алма Қозыбаева, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының облыстық үйлестірушісі

Сайлау күні бақылаушы өз учаскесіне келіп, тіркеледі. Сағат алты жарымнан бастап, алғашқы хаттаманы қолына алғанға дейінгі уақыт аралығында жұмыс істейді. Жұмыс барысында мониторинг жасайды, біздің үйлестірушілермен байланыста болады. Оқыту кезінде барлық алгоритмді түсіндіреміз. Негізгі мақсатымыз сайлау үдерісіне мониторинг жасау. Сайлаудың әділ де ашық, ешқандай құқық бұзушылықсыз өткенін қалаймыз. 

Қазіргі уақытта облыстық коалицияға байқаушы болуға ниет білдірген екі мыңға жуық өңір тұрғыны өтініш берген. Өтінім жолдап, толық ақпаратты мына сенім телефоны арқылы алуға болады.


8 (707) 940-21-71

Жанасыл Серікбол



Бөлісу