Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік қызмет: жастарға жаңа мүмкіндіктер

Мемлекеттік қызмет: жастарға жаңа мүмкіндіктер

Мемлекеттік қызметке келу жеңілдеді. Әсіресе жоғары оқу орнын аяқтаған жастар енді конкурссыз-ақ мемлекеттік қызметші бола алады. Ол үшін GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен болмауы керек. Жаңа мүмкіндіктерді пайдаланған жастар не дейді? Тілшіміз тілдесіп келді. 


Мәлика Маратқызы жас маман. Кенжекөл ауылдық әкімдігіне қызметке келгеніне 2 айға жуықтады. Ол Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары нәтижемен аяқтаған. Ал, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалуға мүмкіндік берді. 

Малика Қадіржанова, Кенжекөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Университетті тәммадағаннан кейін әлеуметтік желілерден. Джипиэй туралы білдім. Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, еңбек жолымды мемлекеттік қызметте бастадым. бұл сала жауапкершілікті сезінуге, кәсіби тұрғыдан дамуға өңір дамуына үлес қосуға мүмкіндік беріп отыр. 

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 1 шілдеде күшіне енді. Онда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Заңдағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – жоғары оқу орнын үздік аяқтаған түлектерге мемлекеттік қызметке конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігінің кеңейтілуі. Бұл мүмкіндік ЖОО-да ақылы оқыған студенттерге де қолжетімді. 

Айта кетейік, түлектер оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметтің бірқатар «Б» корпусы лауазымдарына конкурссыз қабылдана алады. Ал, жыл басынан Павлодар облысында осындай оқуын аяқтаған 6 студент мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігіне ие болды. 


Самал Қалиқызы 



Бөлісу