Павлодарда шахматтан ҚР балалар кубогының v кезеңі өтуде
Классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының балалар кубогының V кезеңі Павлодар қаласында өтуде. Бұл беделді бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген отандастарымызбен қатар, жақын шетелдерден де мықты шахматшылар қатысып, шеберліктерін сынауда.Толығырақ – алдағы сюжетте.
Классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының балалар кубогы – еліміздегі балаларға арналған ең маңызды әрі ауқымды шахмат жобаларының бірі. Шымкент, Қызылорда, Қостанай және Орал қалаларындағы сәтті кезеңдерден кейін, бұл тартысты бәсеке өз жалғасын тапты.
Жарысқа арнайы келген Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов сайыстың маңызына ерекше тоқталды. Сондай-ақ ол жас шахматшыларды қолдау тетіктерімен бөлісті.
Шахматқа деген қызығушылықтың жыл сайын артуының арқасында бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, Қырғызстан мен Ресейден де қатысушылар келді. Тартысты бәсеке 10 және 14 жасқа дейінгі екі жас санаты бойынша өтіп, сайыста екі жүзге жуық жас шахматшы шеберлік байқасуда.
Бұл зияткерлік дода жалпы алты кезеңнен тұрады. Келесі сайыс Алматы қаласында жалғасын тапса, кубоктың ақтық финалы желтоқсан айында Астанада өтеді.
Жұлдыз Қабылденова