Негізгі Жаңалықтар Заңсыз айналымнан 388 келі есірткі тәркіленді

Заңсыз айналымнан 388 келі есірткі тәркіленді

Оңай олжа, жеңіл ақша. Әлеуметтік желідегі тырнақша ішіндегі «байлардың» өміріне қызығатын жастар тура жолдан адасып жатыр. Осылайша арбауға түсіп, өз өмірлеріне балта шауып жатқандарын кеш түсінуде. Мәселен, былтыр кәмелеттік жасқа толмаған 7 павлодарлық заңсыз есірткі қылмысына қатысты ұсталып, темір торға қамалды.


Павлодар облысында жыл басынан есірткінің заңсыз айналымының 447 фактісін тіркеді. Оның ішінде 66 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 59 адам ұсталды, оның екеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Бүгінгі таңда заңсыз айналымнан 388 келі түрлі есірткі түрлері тәркіленді. Оның 4 келісі синтетикалық есірткілер.

Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы пд есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы

Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында 1640 адам есепте тұр. Бір кәмелеттік жасқа толмаған азамат профилактикалық есепте тұр. Бұл мәселе өте өзекті, қоғамның барлық деңгейіне жетті. Оңай ақша тапқысы келетіндер арбаудан шыға алмай жатыр. 2 кәмелеттік жасқа толмаған жастар ақша тапқысы келген, нәтижесінде ұсталып, қазір қылмыстық істер тергеліп жатыр. Осы жағдайға жеткізу жағдайлары анықталуда. 

2025 жылы өңірде 7 кәмелеттік жасқа толмаған азамат осы есірткі тасымалдау бойынша ұсталған еді. Олардың әрқайсысысы 6 жыл 8 айдан бас бостандығынан айырылды. Статистиканың өсуіне әлеуметтік желі де өз әсерін тигізіп отыр, деді басқармада. Әсіресе телеграмда жеңіл ақша тапқысы келетіндер үшін ұсыныстар көп екен.  

Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы пд есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы

Жоғарыда айтқандай өткен жылы 7 кәмелеттік жасқа толмаған азамат тіркелді. Олардың бірі Мұзафар Әлімбаев атындағы мектептің оқушысы, ол сотталды. Өзі сияқты жасөспірімдер секілді қосымша ақша тапқысы келген. Өзінің өмірін жақсартқысы келген, өзіне ұнайтын гаджетті сатып алғысы келген. Бірақ, оны ұстаған кезде өкінгенін көрдік. Әсіресе ата анаға қиын осындай жағдайларда.  

Елімізде жыл басынан есірткі қылмысына қатысты 2 мыңдай қылмыстық іс анықталды. 6 ұйымдасқан қылмыстық топ, 29 ұйым әшкереленген. 580 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Оларды өндіретін зертханаларды анықтау жұмыстары да күшейтілген. 


Самал Қалиқызы


Бөлісу

Аймақтық телеарналар