Бұдан жүк иесі ондаған есе пайда көрген. Инспекция қызметкерлерінің де «мұртын» майлауды ұмытпаған дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері. Жақында олар 150 мың теңге пара алмақ болған көліктік бақылау инспекторын ұстаған.

Ерсұлтан Әмірханов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері:

Жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің салықтан жалтарғаны анықталды. Бұны көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен ымыраласып жасаған. Бір ғана мысал, Павлодар мұнай-химия зауытынан битум тасымалдаушылардан ғана мемлекет қазынасына 4 млрд теңгеден астам шығын келді. Мемлекеттік инспекцияда интеграциялық жүйе жоқ. Құқықтық нормативтік база жетілдірілмеген.