«КазНекст» ұлттық агенттігі экономиканы қайта жарақтандыру жолымен қазақстанның шикізаттық емес экспортын ары қарай дамыту үшін және экономиканың приоритетті секторларына инвестиция тарту мақсатында құрылған.  Қазақстанның сыртқы нарықтарында экспорт бойынша жетістіктері бар және біздің мақсатымыз еліміздің дайын тауарлар экспортында танымалдығын арттыру. Бүгінгі күн - қатаң бәсекелестіктің заманы.  Нарықтардың қысқаруы мен негізгі экспорттық тауарларға бағаның төмендеуі кезеңінде өнімді сыртқа шығару қиындық туғызбау үшін біздің агенттік кеңесшілер әр кәсіпкердің толғандырған сұрақтарына жауап бере алады, - дейді, «Казнекст инвест» ұлттық агенттігінің маманы Мадина Шұңғылтаева. 

МАДИНА ШҰҢҒЫЛТАЕВА,  «КAZNEX INVEST» Ұлттық агенттігінің маманы

Қазіргі уақытта елімізден біршама  кәсіпорын тұрақты экспортты қамтамасыз етіп отырса,  олардың қатарында  павлодарлық «КSPSTEEL», «Крендель» сияқты кәсіпорындар да бар. «Әр жылдың алғашқы төрт айы компаниялардың келісімшарттары жаңартылатын немесе қайта жасалатын кезі болып табылады. Сәйкесінше, барлығында іскерлік белсенділік төмендейді. Алайда, қазіргі кезде азық-түлік және жеңіл өнеркәсіптің, құрылыс индустриясының көптеген кәсіпорындары өздерінің өнімдерін Орталық Азия елдеріне жеткізу бойынша ұзақ мерзімді шарттарды бекіту тұрғысында жоспарлары бар және соны жүзеге асыруға мүмкіндік те жеткілікті, - дейді мамандар.