1 сәуірден бастап елімізде мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді. Іріктеу жүйесі онлайн форматқа көшеді. Конкурс мерзімі қысқарып, іріктеу процесі жеделдейді. Ең негізгі шарттарды тілшіміз біліп келді.
Іріктеу толық автоматтандырылған және «Е-қызмет» сыртқы интернет-порталы eqyzmet.gov.kz арқылы онлайн жүргізіледі. Кандидат тестілеуді конкурс басталғанға дейін алдын ала немесе құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде eqyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталында тапсыра алады.
Мадияр Әбілдин, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Конкурсқа қатысу үшін кандидат мемлекеттік тілді және заңнаманы білуге арналған тестілеуден, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі тиіс. Онлайн тестілеуге қатысу үшін жүйеде тіркелу қажет. Кандидат тестілеу күнінен кемінде бір күн бұрын жеке кабинет арқылы өтініш береді. Кандидат тестілеу уақытын жүйе қалыптастырған кестеге сәйкес өз бетінше мүмкіндігі болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Тиісті сертификаттары бар кандидаттар бір жыл ішінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға арналған конкурстарға қатыса алады.
Мадияр Әбілдин, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Егер ол басшылық емес, төменгі лауазымнан бо орын болса, практикалық Енді бос орынға байланысты ерекшелігі бар. Әсіресе басшылық лауазым болса, эссе әңгімелесуден өтеді. Ал, егер ол басшылық емес немесе төмен лауазым болса сол кезде кандидат практикалық тапсырмадан өтеді. Кімнің қатысп жатқанын білмейді.
Конкурстық рәсімдердің жалпы мерзімі 5–7 жұмыс күнін құрайды. Ал құжаттарды қабылдау және қарау – 3 жұмыс күні, конкурс кезеңдері 3–4 жұмыс күні.
Самал Қалиқызы