Бүгін бейсенбі. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында «Аманат» партиясының өкілдері мен колледж студенттері Гагарин саябағы аумағын тазалады. Іс-шараға 40-тан астам ерікті қатысты.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының мақсаты – тек қоршаған ортаны тазалау емес, сонымен қатар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық сананы арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тұрғындарды табиғатты аялауға және ортақ жауапкершілікке тәрбиелейді.

Жанақ Заятов, «жастар рухы» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалының консультанты

Бүгін біз партиялық жоба аясында таза бейсенбі деп аталды ол. Жоба аясынджа біз қалв тұрғындарының сүйіп жақсы көретін гагарин саябағын тазалау жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Қаланың тазалығына колледж студенттері белсенді атсалысты. Олар қолдарына күрек, тырнауыш, сыпыртқы алып, қар астынан шыққан қураған жапырақтар мен түрлі қоқыстарды жинады. Еріктілер саябақ аумағын бірнеше сағат ішінде айтарлықтай тазартып шықты.

Абдулғазиз Қабдол, студент

Таза Қазақстан акциясына қатысу өзімнің азаматтық борышым деп білемін. Бұл бастама еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Біз студенттер тек білім ғана алып қоймай елімізге, қоғамға пайдалы істерге белсене қатысуымыз керек. Және бұл таза Қазақстан акциясына барлық студенттерді,жастарды белсене қатысуға шақырамыз. Себебі біз біріксек елімізді таза әрі көрікті әрі жайлы ете аламыз.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» акциясы тек саябақтарда ғана емес, қала аумағының әртүрлі бөліктерінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да экологиялық шараларды жалғастырып, қатысушылар санын арттыруды жоспарлап отыр.