Павлодар облыстық балалар ауруханасында балалар травматолог дәрігері Серік Нұрлановқа арналған ескерткіш тақтасы қойылды. Ғұмырын осы балалар жарақатын емдеуге арнаған абзал жан жайлы қанша айтса да аздық етеді.
Павлодар облысында Нұрланов Серік Қапанұлын білмейтін адам жоқ шығар. Ол ұзақ жылдар бойы балалар травматологиясына өлшеусіз үлес қосты. Әрістестерінің сөзінше, Серік Қапанұлы ата аналарға қатал болғанымен, балаларды жақсы көретін. Оның өмірі осы облыстық балалар ауруханасымен тығыз байланысты. Сол себепті ғимаратта оның мемориалдық тақтасы ашылды.
Ермек Кучуков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Серік Қапанұлы біздің өңірде өте танымал. Әсіресе балалар жарақаты бойынша көбісі оған жүгінетін. Травматологтың жұмысы тез шешімдерді қажет етеді. Ал, балалар травматологтар аса ауыр жүк артылатын. Оның ісіне деген жауапкершілігінің арқасында оған сенім де жоғары болды.
Серік Нұрланоов ең ауыр деген жағдайлар, жарақаттар, операцияларда біліктілігін көрсетті. Мыңдаған баланың өмірін сақтап, мүгедектіктен аман алып қалды.
Үміткамал Садықова, Серік Қапанұлының әріптесі
Мен Серік Капановичпен 1978 жылдан бері істеп жатырмын. Күйім бөлімінен бастадық. Сол кісімен бірге істедік. Тәжірибелі дәрігер болып келдік. Ол өте балаларды жақсы көретін. Мен оның бірінші операциясын да есімде. Баланың есімі шабанов. Оның бірінші отасы болды. аяққ тұрғызып баянауылға қайтарғанбыз.
Серік Қапанұлы «Алтын скальпель», «Құрмет» сынды ең жоғарғы наградалардың иесі. Бірақ оның артыңда марапатынан бұрын жақсы аты мен ұрпағы қалды.
Гүлнар Нұрланова, Серік Қапанұлының келіні
Үлкен немересі үш жаста қалған, атамыз қайтқанда. Екіншісі атасын көрмеді. Мінезі деген атасынан аумайды. Қайсар, қанында бар дейді ғой. Атамыз енді қайсар дейді ғой. Алдына қойған мақсатына жететін. Өте ризамыз деп айтып жатады. Ештеңеден қорықпайтын адам болатын ол.
Қазақта «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» бекер айтпайды ғой. Бұл күні Серік Қапанұлы жайлы әріптестері, оқушылары, туыстары, достары ортаға шығып жылы лебіздерімен бөлісті.