2 сәуір – халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн әлемге танымал дат жазушысы Ганс Христан Андерсеннің туған күнімен сәйкес келеді. Осыған орай Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығы «Кітап – қиял кемесі» атты фестиваль ұйымдастырды.

Кітап оқу – жас ұрпақты рухани дамуының маңызды бөлігі, ол балардың қиялын шыңдап, ой-өрісін кеңейтеді және сауатты, көрсем сөйлеуін жетілдіреді.

Ақмарал Сержанқызы, С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының кітапханашысы

«Бұл іс-шараны біз қызықты ретінде жүргізуге тырыстық. Балаларымыз кітап оқып және сурет салып... сурет салады». «Біздің шараға 19 және 39 мектептің оқушылары қатысып жатыр.». «Біздің Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығына балалар жиі келеді. Кітап қана оқып қоймай, түрлі іс-шараға, үйірмелерге қатыса алады»

Шараға 50-ге жуық жас өрен жиналды. Олар ойындар ойнап, түрлі ертегі желісі бойынша викторинаға белсене қатысты. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама тамашалап, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Айым Ақсақова, шара қатысушысы

«Маған фестиваль қатты ұнады. Өте қызықты болды. Және түрлі іс-шаралар болды. Маған ең қатты ұнағаны – ол балалардың ән айтқаны. Себебі ол өте қызықты және өте көңілді болды.»

Томирис Садықова, шара қатысушысы

«Мен бұл кітапханаға жиі келемін. Бүгінгі шарада маған қыздардың ән айтып, би билегені ұнады. Жалпы, барлығы көңілімнен шықты. Мұндағы кітаптар жақсы әрі қызықты». «Мен «Күлбике», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», ханшайымдар туралы ертегілерді оқуды жақсы көремін»

Фестиваль аясында сурет салу байқауы ұйымдастырылып, балалар өздеріне ұнайтын ертегілерді акварельмен бейнеледі. Сонымен қатар, олар Ганс Христиан Андерсен ертегілерінің желісі бойынша түсірілген мультфильмді тамашалап, ерекше әсер алды.