«Парктер шеруі» халықаралық экологиялық акциясы басталды. Шара «Таза Қазақстан» науқаны аясында өтіп жатыр. Дәстүрге айналған акция жұрт назарын экологияға аударуды көздейді. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Парктер шеруі» дәстүрге айналған акция. Жылда 22 наурыз бен 1 шілде аралығында еліміздің барлық аумағында ұйымдастырылады. Негізгі мақсаты қорғалатын ұлттық табиғи парктерді, қорықтарды сақтау.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Осындай әдемі бастамамен біз республикалық «Таза Қазақстан» акциясын бастағалы отырмыз. Жалпы Павлодар акция 18 сәуірде басталады. Бұл күні сенбіліктер, аулаларды тазарту шараларыф ауқымды басталады. Сонымен қатар, «Ең таза аула» байқауы да өтеді. Бүгін біздің шараға қаланың кішкентай тұрғындарынан бастап ересек те белсенді қатысып жатыр. Осындай акциялар жалпы экологиялық мәдениетті арттыруға, өзің тұрған қала ауланы одан сайын жақсы көруге септігін тигізеді.

Павлодар облысының табиғи әлеуеті ерекше. Өңірде бір ұлттық парк және ірі ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. Солардың бірі – Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Бұл парк өзінің көркем табиғатымен, таулы ормандарымен және әсем көлдерімен танымал. Ал Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты – өңірдің тағы бір бірегей табиғи аймағы. Мұнда қарағай ағаштары өседі. Бұл орман алқабы Қазақстаннан Ресейдің Алтай өлкесіне дейін жалғасып жатқан сирек табиғи белдеу болып саналады. Әлемде мұндай ормандар тек Канада аумағында ғана кездеседі.

Сырым Елемесов, «Ертіс орманы» табиғи резерватының ПОФ басшысының М.А.

Бүгін «Ертіс орманы» резерватының күшімен «Парктер шеруі» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – қала тұрғындарын, жастарды, қонақтарды біздің қорғалатын парктерді, қорықтарды сақтауға шақыру. Сонымен қатар, өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетті сақтауға, табиғатты аялауға үйрету.

Табиғатты қорғау бағытында да өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғаумен 300-ден астам мемлекеттік инспектор айналысады. Өрт қауіпті кезеңде қосымша 320-дан астам маусымдық қызметкер жұмысқа тартылады. Олардың қатарында орман өртін сөндірушілер, жүргізушілер, тракторшылар және бақылау мұнараларының қызметкерлері бар.

Сәния Мусипова, жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы

Негізінде осындай акциялардың жалпыұлттық акциясы үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Жастар табиғатты аялау керектігін біледі. Негізінде осы іс шараға Ертіс орманы, полицейлер жастар боп келеді.

Айта кетерлігі, 2025 жылы Павлодар облысының 10 ауданындағы оқушылармен бірлесіп, Ертіс орманы резерватының мамандары 8300-ден астам қарағай тұқымын сепкен. Бір жыл бойы күтіп-бапталған көшеттер биыл мектеп аумақтарына отырғызылып, жаңа жасыл аймақтар қалыптастыруда

Самал Қалиқызы