Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінде «Baby skills» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Мұнда бастауыш сынып оқушылары сән технологиясы бойынша дағдыларын көрсетті. Сайыстың қалай өткені туралы тілшіміз жалғастырады.

Байқау WorldSkills Pavlodar 2026 өңірлік чемпионаты аясында өтті. Қатысушылар дизайнер, модельер, тігінші сияқты мамандықтардың негіздерімен танысып, бастапқы кәсіби дағдыларды меңгерді. Мақсат – балалардың осы салаға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Азамат Кашитов, Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің басшысы

«Бүгін бізге облыстың түрлі өңірінен келген қыздар жиналды. Олар фетр матасынан сөмке тігеді. Нәтижесінде әр қатысушының қолынан әдемі бұйым шығады. Бұл – байқаудың негізгі тапсырмасы. Жалпы, сайыс WorldSkills облыстық чемпионаты аясында ұйымдастырылған. Тапсырманы орындауға бір жарым сағат уақыт беріледі. Қатысушылар жұмыс барысында желім пистолетін, фетр матасын және түрлі құрал-саймандарды қолданады. Байқау тапсырмасын оқытушыларымыщз әзірелді. Ол бастауыш сынып оқу бағдарламасына негізделген»

Қала мектептері мен Баянауыл ауданынан 5 оқушы қыз байқауға қатысты. Колледж оқытушылары мен студенттері қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, сөмкені дайындау кезеңдерін түсіндірді. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылап, қажетті көмектерін көрсетті. Ал оқушылар колледж ұсынған материалдар мен сәндік әшекейлерді пайдананып, сөмке жасап, оны безендірді.

Айару Дүйсентай, байқау қатысушысы

«Мен Павлодарға келдім. Мен мына жерде муканы жасаймын. Маған ұнайды»

Балалар әзірлеген дайын бұйымдарды қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Оларға дипломдар мен сыйлықтар табысталады. Айта кету керек, колледжде бұған қоса JuniorSkills және Абилимпикс байқауларын өткізу жоспарланған.

Жұлдыз Қабылденова