Өткен жылы өңірде суқұзғындардың саны шамамен екі мың басқа қысқартылған еді. Биыл теңіз құстарының популяциясын тағы да азайту жоспарланып отыр. Себебі, жыртқыш құстар балыққа тіршілік берер емес. Мамандардың бағалауынша олар күніне Ертіс өзенінен 5 тоннаға дейін балық жейді.

Шенеуніктердің шамадан тыс көбейіп кеткен ашқарақ құстар мәселесін шешумен айналыса бастағанынан 4 жылдай уақыт болды. Алдымен ғылыми қауымдастық өкілдерін тарта отырып, жағдайды жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сол кезде мамандар өңірдегі суқұзғындардың санын шамамен 15 мың деп бағалаған. 2023 жылы олардың популяциясын реттеу бойынша алғашқы практикалық жұмыстар басталды. Өткен жылы шамамен екі мың суқұзғын атылды.

Жасұлан Жұмашев, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын пайдалануды басқару бөлімінің басшысы

Сонымен қатар, биыл да олардың санын шектеу жоспарланып отыр. Шамамен 680 басқа дейін азайту көзделген. Олардың санын азайту барысында негізгінен залдалсыз тәсілдерді қолданамыз.

Суқұзғындар сынын азайту тәсілі тек ату емес дейді шенеуніктер. Ұяда шығармай улау тәсілін де қолданбақ. Өйткені, тек ату олардың санын реттеуде көмектеспейтіндігін айтады.

Жасұлан Жұмашев, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын пайдалануды басқару бөлімінің басшысы

Басқаша айтқанда, жұмыртқаларды арнайы затпен, көбіне маймен өңдейміз. Бұл әдіс жұмыртқаның ішіне ауа кіргізбейді, нәтижесінде эмбрион дамымай қалады да, балапан шықпайды. Бұл ғылыми кеңестің ұсынысы

Шенеуніктер барлық қабылданып жатқан шаралар бекітілген ғылыми қорытындылар негізінде және белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қатаң түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.