2 сәуір- Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Аутизм және психологиялық ауытқушылығы бар балалармен қалай жұмыс жасау керек? «Асыл мирас» орталығының тәжірибелі мамандары, психолог- педагогтары балабақша, мектеп, орталық өкілдеріне осы бағытта семинар өткізді. Толығырақ тілші сюжетінде.

Біздің қоғамда ерекше балаларға ерекше назар аударылады. Олардың сапалы медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек алу маңызды. Осы бағытта жұмыс істейтін «Асыл мирас» орталығына қазір 60-қа жуық бала келеді. Әр баланың мінез-құлқы, іс әрекеті, жалпы жағдайына қарай жеке бағдарлама құрылады.

Гүлдана Саттарова, «асыл мирас» орталығының педагог-психологі

Егер статистика бойынша айтсақ, соңғы жылдары бұндай балалар саны көбейді. Біздің орталыққы келушілер де көбейді. Кезек көбейіп келеді. Өзіміз де бір орында тұрмай, оқып, дамып, оларға көмек көрсетудің жаңа әдістерін пайдаланып отырамыз.

Орталық «Аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды кешенді қолдау жүйесі» тақырыбында балабақша, мектеп, түріл орталық мамандары үшін семинар өткізді. Ұйымның педагог психологтары қатысушыларға еркін форматта дәріс оқыды.

Ирина Бельская, «асыл мирас» орталығы басшысының орынбасары

Бүгін семинар практикум өткізіп жатырмыз. Біз тәжірибе теориядан алыс болмауы керек деп ойлаймыз. Сондықтан семинарға орталықтың барлық мамандары қатысып, өз бағыттары бойынша айтады. Біз қазіргі уақытқа өте өзекті тақырыптарды алдық. Бұл ынталандыру, жағымсыз мінез құлық, одан қорғау және ескерту, диагностика және жұмыс барысында онымен қалай жұмыс ждасау керек. Осы туралы айтатын боламыз.

Аталмыш орталық 2020 жылы құрылды. Негізгі ерекшелігі балалармен ғана емес, ата аналармен де байланысты нығайтып, жұмыс жүргізеді.