Соңғы оқиға екі күн бұрын тіркелген. Павлодар ауданы Пресное ауылында 1955 жылы туған азамат рұқсат етілмеген жерде шомылып суға кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар алып шыққан. Өткен жылғы статистикаға сай жаздың бірінші айында да 5 адам , ал жалпы маусымда 24 адам суға батты. Жағымсыз мәліметтерге сәйкес, облыс орталығында қазіргі таңда шомылуға тыйым салынады деген белгілерді орнату қатаң қолға алынған.
Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары:
Облыс бойынша бізде биыл қаулы қабылданды. Мамыр айында шомылу кезеңінің басында шомылуға тыйым салынатын белгілер қойылады деп айтқанбыз. Облыс бойынша 84 белгі орнатылды. Павлодар қаласы бойынша 30 белгі орнатылған болатын. Таңертең Павлодар қаласы әкімдігінің өкілдерімен сол орындарды тексеріп шықтық, өкінішке орай Зеленая роща аумағында екі белгіні жұлып алып тастаған. Усолка су айдынында да екі белгіні жұлып алған. Біздің ойымысша ол сол жерде демалған тұрғындар. Егерде сол жерде ұсталынса ол жергілікті полиция қызметі әкімшілік жазаға тартады.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің жасаған рейді барысында 3 адам ішімдік ішкені үшін әкімшілік кодекстің 440 бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ бір азамат тыйым салынған жерде шомылғаны үшін әкімшілік жазаға кесілді.
Марина САХАРОВА.