Идея Швейцарияның Цюрих қаласы полицейлеріне тиесілі. Олардың акциясын осы елдің арнайы қызметі қолдап әкеткен. Қазақстанда алғашқы болып Павлодар облысының жедел жәрдем станциясы челленджге үн қатты. Ирина Мищенко, облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:
Біздің Павлодар облыстық жәдәл-жәрдем станциясы да шетелдік әріптестерімізден қалыспай, қызметтік көліктердегі құрал-жабдықтарымызды көрсетейік деп шештік. Себебі, қазіргі таңда біздің көліктеріміз заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Осы аппараттардың арқасында фелдьшер мамандарымыз нәтижелі жұмыс атқарып келеді.
Цифрландыру жұмыстары медицина саласында да жақсы дамыған. Бүгінде фельдшерлерді ратциямен іздеу көне дәстүр. Қазіргі уақытта барлық кезекші дәрігерлердің қолында электронды түрде қоңырау қабылдайтын аппарат бар. Демек, телефон дабылын күтіп сандалмайды. Бұл да уақыт үнемдеудің бір тәсілі.
Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:
Қоңырау арнайы құрылғыға түседі. Сол арқылы кезекте тұрған жасақ дәл сол мекен жайды көре алады. Дәл қазір міне, арнайы шақыру келіп түсті. Біз де ақ халатты мамандармен бірге сол мекен жайға аттанатын боламыз.
Өздеріңіз көріп тұрғандай мына жедел-жәрдем көлігі науқастың өмірін сақтауға қажетті құралдармен толық жабдықталған. Атап айтсақ, дефибриллиаторлық монитордан бастап, оттегі аппараты, күйікке қарсы құрылғыға дейін бар. Мына сары темір тұлпардың іші шағын ғана реанимациялық бөлме десек те болады. Облыс бойынша 110 жедел-жәрдем көлігі бар. Техникалар мен құрал-жабдықтар саны осымен шектелмейді. Шалғай жақтағы ауыр науқастарды орталықтандырылған ауруханаларға жеткізу мақсатында 5 санавияциялық тік ұшақ жұмыс жасайды. Павлодар облысының жедел жәрдем станциясы жабдықтануы жағынан республикада көш басында.
Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ