Қазіргі таңда елімізде ауылшаруашылығы саласына басымдылық берілген. Әсіресе сүтті мал шаруашылығын дамыту бағыты жолға қойылған. Осы ретте өңірімізде алғаш рет бұл саласының әлеуетін арттыруға бағытталған семинар өтті. Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы меморандум мәселесі талқыланды. Қос ел арасындағы ынтымақтастықты арттыратын құжат осы жылдың 1-ші қарашасынан бастап күшіне енді. Сонымен қатар, келелі кеңесте қолға алынып отырған пилоттық жобаның маңыздылығы түсіндірілді.
Айнагүл Аяғанова, сарапшы (Нұр-Сұлтан қаласы):
Осы Павлодарға келіп, біз концепциясын және программасын ұсынамыз. Фермерлер өздері ойланып, Бізбен проекте болғысы келе ма, сондай бірінші кездесу өткізейік деп жатырмыз.
Негізгі мақсат – орташа шаруа қожалықтарындағы мал басын арттыу. Яғни, сүтті сиырлардың санын 50-ден 400 басқа дейін жеткізу. Бұл жаңа жоба арқылы еліміздің фермерлері екі ай мерзімге Алмания мамандарынан тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Бірақ бұл – жалпыға бірдей іс емес. 4 облыстың ішіннен тек 15 шаруашылық қана таңдалып алынады. Осы 15 қожалыққа 3 жылдың ішінде сараптамалық көмек көрсетіледі. Ал, өңірдегі шаруа қожалық иелері тың бастамаға оң бағаларын беріп отыр. Дегенмен де сапалы сүт алу үшін сауын сиырларының денсаулығы басты назарда болу шарт, - дейді, фермерлер.
Денис Мелехов, «Победа» ЖШС бас зоотехнигі:
Ауырған малды емдеу үшінде біраз қаражат керек. Әсіресе сүттің сапасы мен өнімділігін арттыру үшін антивиотиктер қолданылады. Өйткені біздің өңірдің шөбі құнарсыз. Бұл сұтті сыирлардар әрі қарай өнім алу үшін оларды ауыртпауға тырысу керек.
Ауқымды жоба алғаш тер қолға алынып отыр. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы облыстар ғана таңдалып алынды. Ал, таңдалатын 15 шаруашылық тек алты айдан кейін ғана іріктелетін болады.
Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ