Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстық депутаттар қаламыздағы ірі кәсіпорындардың біріне барды. Онда мамандармен кездесіп, жұмысшы мамандарға елімізде жасалып жатқан мүмкіндіктер мен жағдайларды түсіндірді.
«Казэнергокабель» кабель өткізгіш өнімдерді шығаратын еліміздегі өндіріс орындарының бірі. «Қазэнергокабель» АҚ бүгінде шығарылатын өнім номенклатурасы 7000-нан асатын Кабельдік-өткізгіш өнімдердің ірі отандық өндірушісі болып табылады. Бүгін Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары, «Аманат» партиясының өкілдері мындағы жұмысшылармен кездесті.
Қобыланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы
Павлодар қалалық мәслихатының «Аманат» партиясының бастамасымен бүгін «Казэнергокабель» ұжымына келіп отырмыз. Бүгінгі келген мақсатымыз білесіздер, ағымдағы жылды мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп бекітті.Соның аясында мемлекет тарапынан жұмысшылардың статуысын көрсету мақсатында өтіп жатыр. Жауап беруге тырыстық.
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары жыл аясында осы маман иелеріне ұсынылып отырған мүмкіндіктер талқыланды. Төмен пайызбен тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Отбасы банк» өкілдері бағдарламалармен таныстырды.
Толқын Қалтаева , «Отбасы банк» ПОФ кеңесшісі
Осы жылдың 24 мамырынан бастап баспана алуға кезекке тұруға болады. Бұрын белгілі бір санаттағы азаматтарға ғана үй берсе, енді бәрі кезекке тұрып, мемлекеттік үйді ала алады. Әсіресе мында көп жастар отыр екен, соларға қызық болар деп ойлаймын.
Кездесу барысында «Аманат» партиясы «КазЭнергокабель» қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Самал Қалиқызы