Павлодар облыстық балалар ауруханасында 10 бала энтеровирустық инфекциямен ауырып жатыр. Олардың ең кішісі 1,5 жаста. Жалпы энтеровирустық инфекция немен қауіпті, алғашқы белгілері қандай? Тілшіміз айтсын.
Жаз басталып, күн жылынған уақытта энтеровирустық инфекция қаупі өрши түседі. Инфекцияның ең қауіпті көзі – су. Мамандар вирустың субұрқақтар мен ағынды суларда болуы мүмкін екенін ескертеді. Негізгі белгілері дене қызуынан басталады.
Аспандияр Қабышев, Павлодар облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісінің М.А.
Сырқаттың негізгі белгілері дене қызуы көтеріледі. Бөртпелер алақан мен табан жақта пайда болады. Сосын денеге тарауы мүмкін. Ауыз қуысында да бөртпелер пайда болады. Тамақтануы нашарлап, жағдайы әлсірейді. Көп жағдайларда осы белгілер көрінеді.
Энтеровирустық инфекциямен 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар ауырады. Жыл басынан облыстық балалар ауруханасының аталмыш бөлімшесінде 35 бала энтеровирустан емделген.
Аспандияр Қабышев, Павлодар облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісінің М.А.
Энтеровирустық инфекция бойынша иә жағдай өсті. Стационарлық деңгейде ем қабылдап жатқанда саны да артты. Қазір 10 пациент ем алып жатыр. Күнде келіп қабылдау бөлімшесіне жүгініп жатқандар саны көбейді. Иә, бұл маусымдық жағдай. Жылда көктем-жаз уақытында энтеровируспен ауырғандар артады.
Энтеровирустық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болғанда бірден мамандарға жүгінген жөн дейді, дәрігер. Себебі, ол энтеровирустық минингит, энцефолитке әкеліп, басқа ағзалардың зақымдануына әкелуі мүмкін.
Самал Қалиқызы