19 маусым күні Павлодар облысында соққан алапат дауылдың салдары ауыр болды. Табиғи апаттан кейін үш қала мен үш ауданда төтенше жағдай жарияланды. 117 ауыл жарықсыз қалса, 1800-ден астам ағаш құлап, 300-ге жуық электр бағанасы зақымданды. Көптеген үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатыры ұшты. Ақсу қаласының өзінде 400-ден астам нысан зардап шекті. Бір тұрғын қаза тапты. Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласына барып, шатыры ұшқан және құрылыс краны құлаған тұрғын үйлердің жағдайымен танысты.
Еңбек демалысынан кейін облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарын Ақсу қаласынан бастады. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақтардың бірі ретінде өңір басшысы алдымен дәл осы қалаға ат басын бұрып, дауыл салдарын жою жұмыстарымен танысты. Алайда дауылдан бері бірнеше апта өтсе де, зақымданған ағаштардың бір бөлігі әлі күнге дейін жиналмаған.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Ағаш жинай алмай жүрсіңдерме осы күнге дейін. Әлде облыс әкімі келіп, ағаш жинату керек пе? ГРЭСтің жан жағында ағаш жатыр. Ертең өрт болса не істейсіңдер.
Облыс әкімі Асайын Байханов табиғи апаттан кейінгі жұмыстардың баяу жүріп жатқанына қатаң сын айтты. Дауылдың салдарын жою кезінде жіберілген олқылықтар мен ақпарат таратуда кемшіліктер үшін бірнеше лауазымды тұлғаларға сөгіс жариялады. "Жұмысыңызға қарап баға береміз. Апат кезінде әрекет те, жауапкершілік те, ақпарат та жедел берілуі керек" – деді өңір басшысы.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жұмысыңызға қарап солай бағалаймыз. Жұмыстарыңыз ақсап тұр. Ішкі саясаттан бөлек кім кінәлі ақпараттың жоқтығына? Қысқасы жауапты адамдарды төмендетесіздер. Жұмыстан босатасыздар не төмендетесіздер. Бұны негізі Болатбек Кәрімұлы сіздер жасау керек едіңіз. Сондықтан сізге де сөгіз жариялаймын. Одан басқа менің бірінші орынбасарыма. Серік Барлыбайұлына. Үшеулеріңізде бұл жұмысты дұрыс деңгейде ұйымдастырған жоқсыздар.
Бұдан кейін Дөнетаева 46 мекенжайына барды. Тұрғындары билік тарапынан тиісті көмек уақытында көрсетілмегенін айтып, шағымданды. Олар құлаған техниканың көлеңкесінде бірнеше күн бойы қауіппен бетпе-бет өмір сүргенін айтты.
Бұдан соң қас беті ұшқан үйдің тұрғындарымен кездесті. 2 қабатты баспана толық пайдалануға берілмеген екен. Тұрғындар ең алдымен қауіпсіздік мәселесін көтерді. Құрылыс сапасына күмән барын айтты. Облыс әкімдігі апаттан зардап шеккен әр нысанға арнайы техникалық тексеру жүргізілетінін, содан кейін ғана қалпына келтіру жұмыстары басталатынын мәлімдеді
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Нам жить не где вы понимаете? Здесь мы боимся жить. Там есть два способа Во первых получим тех обследование Это должен определить специалист. Выводы посмотрим какое заключение будет.
Сондай-ақ өңір басшысы қыс мезгіліне дайындық барысын пысықтады. Шаһарда инфрақұрылымды жаңарту жүріп жатыр. Қазір аула ішілік желілерді жөндеу қолға алынған. Жалпы ұзындығы 4,9 шақырым. Бұл жоба екі жылға жоспарланған. Оның қазір 1 шақырымы жөнделген екен.
Әйгерім Тоқпанқызы