Жаз мезгілінде қаламызда жылу желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жүргізу және тұрғындарды жыл бойы үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып отыр. Қазіргі таңда облыс орталығының кейбір учаскелерінде жылу желілеріндегі ақауларды жою, құбырларда пайда болған тесіктерді жамау жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 58 көпқабатты тұрғын үй уақытша ыстық судан ажыратылды.

Қазір №20 және №32 жылу магистральдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты аталған учаскелерде ыстық су уақытша өшірілді. Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталған соң, ыстық су қайта қосылады.

Екатерина Байжұманова, «Павлодарэнерго» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекшісі

Қазір Бектұров көшесі, 58 мекенжайында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі. Сонымен қатар бүгін №20 және №32 жылу магистральіде жапқыш арматураны ауыстыру бойынша қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады. Осыған байланысты 30 маусым мен 3 шілде аралығында 108 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беру уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі таңда бұл учаскедегі жұмыс толық аяқталып, тұтынушыларды қайта қосу басталды. Кешке дейін 108 үйге ыстық су беріледі.

Аталған мекенжайға ыстық су 10 шілдеден кейін беріледі. Сонымен қатар, Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысындағы №318 жылу камерасындағы жапқыш арматураны ауыстыру жұмыстары кейінге шегерілді. Осыған байланысты жақын маңда орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге 10 шілдеге дейін ыстық су уақытша берілмейді. Ал жалпы қала бойынша гидравликалық сынақтар тамыз айында жүргізіледі.

Әйгерім Тоқпанқызы