Аяулым Рахымжанова, тілші:

Әсіресе картоп пен қызылшаның бағасы айтарлықтай айналған екі аптаның ішінде екі есеге өскен. Картоптың бір келісі 350 теңгеден саудаланып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, қызылша 500 теңге. Сондай-ақ сәбіздің де бағасы аспандап тұр. Міне, 450 теңгеден сатылып жатыр. Қазір осы үш көкөніс қалтаңыздан қанша қаражат шығаратынын есептеп көрейік. Міне, тек бір реттік тағамды дайындау үшін қалтаңыздан 2000-ға жуық ақша жұмсалады.

Иә, дүкенге келген тұрғындар да мұндай бағаны көріп, шошынып отыр. Қымбатшылық қыспаққа алды деп күйінеді. Сатушылар бағаны оңтүстіктегі өндірушілерден көреді. Себебі олар көтерме бағаны өсіріп жіберген. Біздің қосарымыз 5-10 тиын деп отыр.

Ольга Чиханова, сатушы:

Күн сайын бір-екі адам емес, ондаған тұтынушы бағаны көріп, наразылық танытады. Шынымен де баға өсіп кетті. 100 теңгеге емес. 300 теңгедей қосылып отыр. Оңтүстіктен көкөніс осындай қымбат бағада әкелінеді. Біз тек 5-10 теңге ғана қосамыз.

Қазір еліміздің бар өңірі оңтүстіктен жеткізілетін көкөніске қарап отыр. Онымен қоса, аймақтағы қорда сақтаулы былтырғы көкөніс де таусылып қалыпты.

Мадина Ынтықбаева, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

Бүгінгі күні тек қант, күнбағыс майы, тұз, одан басқа азық-түлік бар. Көкөніс бағасының өсі маусымаралық кезеңге байланысты. Бүгінгі таңда «Рақмет» көтерме-сауда базарына баға мониторингі байынша жаңа өнімдер Алматы облысы Қарабұлақ ауылынан, оңтүстік өңірлерден және Қырғызстанның Бішкек қаласынан және дақын шет елдерден келіп түседі.

Павлодар облысына 40 жылдан аса өнім тасымалдап жүрген Ботагөз Қамзинаның сөзінше жол қатынасы да күрт қиындаған. Бағаның қамбаттауына жол көлік жүргізушілерінің де наразылығы себеп көрінеді.

Ботагөз Қамзина, кәсіпкер:

Өз басым күн сайын 10-15 тонна картоп сатамын. 10-15 тонна қырыққабат сатамын. Пияз да 10-15 тонна. Өткен жылмен салыстырғанда қаншаға қымбаттады деп ойлайсыз? Өте қымбаттады. Картоп былтырғы жылы осы уақытта 160-180 тг болатын. Пияз - 90 тг. Сәбіз - 120 тг. Қызылша - 80 тг. Биылғы бағаны көріп тұрсыздар өздеріңіз.

Қымбатшылыққа күйінген тұрғындар бағаны тұрақтандыра алмай отырған билікке өкпелі. Ал, жауапты мамандар жұртшылық бір-бір жарым ай шыдамдылық таныту қажеттігін алға тартады.

 

Аяулым Рахымжанова