Біз дәл қазір Шығыс өңірінің ең көрікті орындарының бірі Зайсан көліне жол тартатын боламыз. Ғалымдардың пікірінше бұл көл 60 млн жыл бұрын пайда болған деген дерек бар. Ал, Зайсан сөзі маңғол, ойрат  тілдерінен аударғанда балық деген мағынаны білдіреді. Жалпы бұл көлге келушілердің саны көп. Себебі су мол, жылы сонымен қаар толқыны да қатты. Нағыз бір теңіз дерсіз.

Зайсан көлі Қазақстан көлдерінің Оңтүстік Алтай, Тарбағатай жоталары арасында орналасқан тұщы көл.  Жазда таудағы қар ерігенде көл деңгейі көтеріледі. Қыс айларында су төмендейді Күршім ауданына қАрасты Аманат ауылы маңындағы  көл жағасына Ертіс-Баян жастары табан тіреді.

Бақытнұр Бейсенбайқызы, тілші:  

Рухани тур Ұлы далаға саяхат атты жастар керуенінің басты мақсаты еліміздің көрікті жерін аралап, рухани қуат алу. Біз дәл қазір шығыс өңірінің керемет орындарының бірі Зайсан көлінің маңындамыз. Далада жел өте қатты. Толқыннан ақ көруге болады. Біздің келесі сапарымыз Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі болмақ.

Рухани тур аясында жастар еліміздің қасиетті, табиғаты көркем жерлерін аралап, ішкі туризммен жақынырақ танысуда.

Бақытнұр Бейсенбайқызы