Қиын жағдайда тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай ағаш отырғызды.  Шара барысында жеткіншектер 12 тал мен 30 дан астам пирамидалы теректер отырғызды. 
 
Тәрбиелік мәні зор бастаманы «Майдан жолы» іздеу жасағы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері ұйымдастырды. Мәншүк Мәметова атындағы даңқ аллеясына  12 бұйра тал мен 30-дан астам пирамида теректері егілді.  
Әсел Иманқұлова, тәрбиеші:
Бұл біздің орталығымыздың тәрбиеленушілеріне өте зор, маңызды ерекше мереке деп айтуға болады. Өте атаулы мереке. Балаларымызға тәрбиелік мәні зор. Өйткені Қазақ Одағының батыры қызының ерліктері жайлы оның жасаған барлық игі істері келешек осы ұрпаққа жақсы әсер етеді.  Ұйымдастырушыларына өте көп рахмет айтамыз. 
«Замандас» ардагерлер клубының қатысушылары  жас ұрпаққа осы сынды акциялар ұйымдастыру қажет дейді. Өйткені тәрбиелік маңызы бар. Жиналғандар ержүрек ұл-қыздардың рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 
Александр Шитов, «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі:
Біз бұл акцияны  екінші дүниежүзілік    соғысына қатысқан  ата-бабаларымыздың  рухына  арнаймыз. Сондай-ақ біз  халықты ауызбірлік пен ынтымақтастықта, достықта өмір сүруге шақырамыз.
Орталық ұжымы мекеме қабырғасында  Даңқ аллеясының пайда болғанына өте риза. Бұл бастама балғындарды отансүйгіштікке, ел алдындағы жауапкершілікке тәрбиелейді. 
 
Әйгерім Тоқпанқызы, Ермек Сапаров