Елімізге белгілі фольклоршы ғалым, сыншы, әдебиетші Бекмұрат Уахатовтың туғанына биыл  90 жыл. Осыған орай туған жері Аққулы ауданы, Мерғалым ауылында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар қатысты. 
 
Бекмұрат Уахатов 1932-жылы Қорт ауылында, қазіргі Мерғалым елдімекенінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақа Ұлттық университенін тәмамдаған соң өмір бойы әдебиет саласына қызмет етті. Ол ғылым жолында Мұхтар Әуезовтың ең жақын шәкірттерінің бірі болды. 
Қадыр Ажмұратов, Аққулы ауданының құрметті азаматы:
Өзімнің елімнің, туыстарымның солардың ұрпақтарымен кездесіп, марқайып қалдым десем артықтығы жоқ. Ағмызды ұлықтайға арналған іс-шараны бастап отырғандарың маған қатты ұнады.
Ол ұстазы Мұхат Әуезовтың жетекшілігімен әдебиеттану ғылымына мол еңбек сіңірді. Бірнеше жинақтар мен ғылыми еңбектерді соңына мұра етіп қалдырды. 
Медет Тауасқан, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының м.а.:
Мұхаңменен бұл кісі Мұхтар Әуезовпенен етене араласқандығы туралы көп естелік бар. Атамыздың жұбайын Мұхаң еркелетеді екен. Бұл – ол кісілердің тек аға, іні емес отбасылық деңгейде араласқандығының үлкен үлгісі болса керек. Бұл фолькор деген жаңағы менің алымдағы аталарым айтып өткендей қазақтың үлкен бір зағынасы ғой.
Шараға жиналғандар Бекмұрат Уахатовтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. Артынша абыз бабаға арнау да айтылды. 
Белгілі ғалымның 90 жылдығы аясында биыл еңбектерінің 6 томдығы жарық көрді. 
 
Жанасыл Серікбол