Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне Абайдың тұңғыш кітабының түпнұсқасы табысталды. Ол мұра 100 жылдан астам уақыт бойы ардагер ұстаз Нұрбоат Әбутәліповтың әулетінде сақталған.


Нұрболат Қаукенұлының әулетінде Абайдың тұңғыш кітабы ғасырдан астам уақыт бойы сақталған екен. Үйімізде тарихи жәдігерлер, деректер көп болды. Бірақ, ішіндегі ең құндысы осы болды дейді ел ағасы. Бабалардан бері сақталған қазынаны музейге өткізу керек деп шешкен.

Нұрболат Әбутәліпов, ардагер ұстаз:

Әкей қайтыс болғаннан кейін ол кісінің жинғана құжаттары менің қолымда болды. Абайдың кітабы екенін көріп тұрсам да, ои алмаймын ғой. Сосын тоқсаныншы жылдары имамдарға оқыттым. Сосын үйде сақтап қойып қойдық.

Кітап қадым әліпбиінде жазылған. Бірнеше парағы жоқ. Мазмұны негізіненАбайдың өлеңдері мен аудармаларынан тұрады.

Әділбек Әміренов, филология ғылымдарының докторы:

Қазіргі кездегі басылып жүрген каондық басылымдардағы өлеңдердің 80 пайызы осында қамтылған. Тек мұнда Абайдың қара сөздері жоқ. Абайдың қара сөздері тек 1933-жылғы баслымынан бастап қана басыла бастады. Оған дейін жарияланған жоқ болатын.

Абайдың алғашқы кітабы 1909-жылы Снкт-Петербург қаласындағы Бораганскийдің баспаханасынан шыққан. Кітапдың жарыққа шығуына Әлихан Бқейханов айрықша ат салысқан.


Жанасыл Серікбол