Болгария астанасы София қаласында жас топтар арасында батут гимнастикасынан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз жүлдегер атанды. Айта кетейік, бұл - осы спорттан әлемдік чемпионатта Павлодар облысының жеңіс қоржынындағы алғашқы медалі.


Виктория спорттағы жолын акраобатикадан бастаған. Алайда бапкерлері бойындағы ерекше қабілетін байқап, батут гимнастикасын таңдауға кеңес берген. 5 жасар спортшы қыз сол сәттен батут гимнастикасына қатысып келеді. 15 жылға жуық тәжірбиесі бар Виктория бұған дейін қатысқан жарыстарда қарсыластарын шаң қақтырған. Ал, бұл жолы Болгарияда өткен әлемдік чемпионатта екінші орынды иеленді.

Виктория Бутолина, әлем чемпионатының жүлдегері:

Жарыстың бастапқы кезеңінде қобалжу қатты болды. Кейін финалда екенімді түсіндім. Бірден жеңіске жету керекпін деп өзіме деген жауапкершілік, сенімділік пайда болды. Финалда ойдағыдай өнер көрсеттім. Ал, нәтижені көрген сәттегі эмоциямды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Әлемдік додаға 39 елден 17-21 жас аралығындағы Викторияға қарсылас 51 спортшы бақ сынасқан. Бапкері әлемдік чемпионатқа жас спортшы тыңғылықты дайындалғанын атап өтті.

Екатерина Сверидова, батут гимнастикасының бапкері:

Келесі жылға қойған басты мақсат олимпиада ойындарына лицензия алу. Жыл бойы чемпионаттар да, әлем кубоктарында қатысатын боламыз. Әр жеңіс қоржынға белгілі бір ұпайларын әкеледі. Қазақстанда Викторияға тең келетін қарсылас жоқ. Ол бала кезіңнен қатысқан жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп келеді.

Виктория әр түрлі халықаралық жарыстарда бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Жарқын жеңістері Италия, Амстердам, Португалия елдерінде болған. Алдағы мақсат әлемдік спорт додасында бірінші орынды бағындырып, олимпиада ойындарына лицензия алу.


Мөлдір Сағидолла