Төтенше жағдай департаментінің мамандары сәби көз жұмған өрттің алдын ала себебін айтты. Үйде жалғыз қалған балалар сіріңкемен ойнаған. Усолка шағын ауданда жер үйден шыққан өртке байланысты қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Тлекжан Галямов, ТЖД басқармасы бастығының орынбасары:

Екі қабатты жер үйінің бірінші қабатында жалпы ауданы 4 шаршы метр құрайтын өрт орын алып жатты. Оқиға орнында 2021 жылғы туған сәбидің күйік шалған денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі - балалардың отты абайсыз қолдануынан шығып отыр. Одан басқа үй ішінде 2008 және 2017 жылғы бала болған. Ұйықтап кеткен. ҚР 292 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып отыр. Құрметті ата-аналар кәмелет жасқа толмаған балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.