Қаңтардан бастап FlyArystan-ның рейстеріне әуежайда тіркеуден өту ақылы болмақ. Жолаушылар арнайы терминалдардан немесе терминалы жоқ әуежайларда тіркеу бағанасы арқылы 1000 теңгеге тіркеле алады. Ал билетті сатып алған кезде «Әуежайда тіркелу» қызметіне жүгінсе 500 теңге төлеуі шарт. Сондай-ақ, әуекомпанияның арнайы сайты мен қосымшасы арқылы тіркелгендер әрқашанда ТЕГІН қызметті ала алады.
Қаңтардан бастап FlyArystan-ның барлық рейстеріне тіркеу ақылы болмақ. Қызмет құны - 500 теңге. Бірақ бұл тәртіп билетті сатып алғанда “Әуежайда тіркелу» қызметін брондаған кезде ғана қолжетімді. Ал егер жолаушы бірден әуежайға келіп тіркеуден өтсе, баға екі есеге қымбаттайды. Демек, жолаушы 1000 теңге төлеуге міндетті.
Мақпал Бейбітжанқызы, FLYARYSTAN әуе компаниясының стандарттар бойынша менеджері:
Жолаушыларға үнемі тегін тіркелуден өту мүмкіндігі бар. Ол рейстің ұшу уақытына дейін 30 күн бұрын және 40 минутқа дейін сіз онлайн тіркелуден өте аласыз.
Яғни, әуежайға келгеннен кейін де жолаушылар онлайн тіркеле алады. Әрі тегін тіркелу үшін кез келген уақытта FlyArystan компанияның сайтын немесе мобильді қосымшасын пайдалануға мүмкіндік бар.
Бұл жаңалық әуекомпания жұмысын оңтайландырып, бірнеше рейстің жүздеген жолаушыларына бір мезетте тез әрі сапалы тіркеуден өткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы - осының арқасында лоукостер билеттер құнын көтермей, оны әрмен қарай қолжетімді бағаға ұсына алатын болады.
Ләззат Набиева, FLYARYSTAN әуе компаниясының баспасөз хатшысы:
Скайтрекс рейтингісінің 4 жұлдызына ие болуымыз. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Себебі Қазақстанда скайтрекс рейтингісінің жоғар бағасына тек қана біздің аналық ЭйрАстана әуекомпаниясы ие болып отыр.
Жоғары бағаланған әуекомпания биыл iJan атты терминалдармен таныстырды. Бірнеше рейстің жүздеген саяхатшыларына бір мезетте тез әрі қолайлы қызметті көрсете алатын қондырғылар еліміздің төрт қаласында Алматы, Астана, Семей және Түркістанда орнатылған. Ал жақын арада республикамыздың барлық әуе айлақтарында орнату көзделіп отыр. Сол себепті әзір ақылы қызмет iJan терминалдарында және терминалы жоқ әуежайларға тәркеу бағаналарында іске қосылмақ. FlyArystan мобильді қосымшасы мен flyarystan.com сайты арқылы онлайн тіркеу әрқашан тегін болып қала береді.