Биыл Ауғанстан демократиялық республикасынан әскерлердің шығарылғанына 34 жыл. Айбынды азаматтар құрметіне мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық ән фестивалі өтті. Оқушылар әнмен қатар соғыстың өмірін бейнелеген кино фильмдерді де ұсынды. Алдағы сюжетте толығырақ.

КСРО тұсында ұзақ уақыт сарбаздар өмірін жалмаған – Ауған соғысы тарих бетінде өшпес із болып есте қалды. Жат жұртта сұм соғысқа қатысқан жауынгерлердің Ауған жерінен азат болағанына 34 жыл. Намыс пен рухты жауынгерлерді жыл сайын ақпан айында еске алады. Биылғы шара мектеп оқушылары арасында өткен патриоттық әндер байқауымен жалғасты. Тәуелсіз елдің ұрпақтары ән мен жырын ерекше толқыныспен көрермен қауымға жеткізді.

Даяна Даниярова, № 5 ЖОББМ оқушысы:

Бұл айтулы датаға орай мен әрбір жанның жүрегіне орын алатын әнді таңдадым. Мен ұстазыммен бірге жұмыс жасадым. Ол менің дауыс ырғағыма қарай бұл әнді таңдауға көмектесті.

Ал, қаламыздағы № 7 ЖОББМ оқушысы Сабина Адамбаева қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға арналған әнің паш етті. Бұл байқауға ұстазымен тыңғылықты дайындалған. Жас әнші үшін жауынгер Мәншүкке арналған туындыны орындау үлкен мәртебе екенін айтты.

Сабина Адамбаева, № 7 ЖОББМ оқушысы:

Біз айттық Павлодар туралы ән және Мәншүк туралы. Мен Мәншүк туралы айтқан әнімді осы жүрегімде және ойымда осындай патриоттық сезім болды.

Сахна төрінде әр мектептен 25 ән мен қойылым ұсынылды. Оқушылар жүрекжарды әндері арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық қасиеттерін көрсете білді. Шара ұйымдастырушылары бұл күннің оқушылар үшін маңыздылығы ерекше екенін айтты.

Дулат Болатов, ауған соғысының ардагері:

1981 жылы әскерге бардым. Әскерде болғанда учебкада болдық. Содан кейін, декабрь айында Ауғанстанға кірдік. Кішкентай өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз білуі үшін, тарих болады ғой. Біліп өскені барлығы дұрыс, тәрбие ғой. Патриот боалды елімізге.

Паториоттық ән фестиваліне ауған соғысының ардагерлері мен әскери сала қызметкерлері жиналды. Әр сахналық нөмірге дайындалған фильмдер ешкімді бей жай қалдырмады. Жиналған қауым көзіне еріксіз жас алды. Сарғайсада тарихтың ақ парағы, бұл күндер мәңгі еста сақталады. Қанша жыл, уақыт өтсе жауға қарсы шыққан ержүрек, намысты батырлардың аты ешқашан өшпейді.

Мөлдір Сағидолла