Екібастұз қаласының тұрғыны «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-нен жарты миллион теңгеге жуық қаржы өндіріп алды. Ол өз шағымында жылу өшірілген кезде үйдегі жылыту батареялар мен құбырлар жарылып қалғандығын көрсеткен. Шағымданушы жауапты органдарға шығын орынын өтеп беру туралы өтініш қалдырған. Бірақ жазған шағымға жауап келмепті. Кейін кеншілер қаласының тұрғыны құрылыс заттарын өз қаржысына сатып алып, сот процессі кезінде зат сатып алған түбіртектерінің түпнұсқасын, сонымен қатар басқада қажетті құжаттарын көрсеткен. Сондай-ақ, жылусыз отырған уақытта отбасы мүшелерінің бірнеше мәрте ауырып қалғандығын алға тартыпты.
Агидель Ибраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:
Сот отырысында шағымданушының арызы оң шешім тапты. Материалдық шығын ретінде 365 740, моральді қауіп-қатер үшін 100 000 теңге төлеу туралы шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енген жоқ.