Негізгі Жаңалықтар Жасанды интеллект жұмыс тауып береді

Жасанды интеллект жұмыс тауып береді

Енді азаматтарға жұмысты жасанды интеллект тауып береді. Цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылған бір ай ішінде Павлодар облысының бір мыңға тарта тұрғыны жұмыссыз деген статустан құтылды. Пилоттық жобаның тиімділігі қандай? Алдағы материалда. 

 

Азамат Төлепбергеновтың мамандығы тарихшы. Диплом алған соң мұғалім болып істеген. Кейін бизнеске кетті. Бірақ кәсіпкерлік саланы дөңгелентіп әкете алмады. Бастаған жұмысы жүрмей жұмыссыздар қатарына қосылды. Алайда бір ай ішінде еш тамыр-таныссыз бюджеттік мекемеден өзіне қолайлы кәсіп тапты. 

Азамат Төлепбергенов - еңбек мобильділігі орталығының маманы

-Бәрі жасанды интеллект қой. Мен Еңбек. КЗ тіркелдім. Сомвн ешқандай адамда болған жоқ. Бәрі жасанды интеллект. Үш күндей күттім. СМС келді. Мен регистрация өткіздім. Сонымен екі аптадай осында жұмыс істеймін. Бәрі жақсы. Құдай қаласа бірінші еңбекақымды аламын. 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұйытқы болған пилоттық жоба “Цифрлық жұмыспен қамту қызметі” деп аталады. Бос қызмет орындары жасанды интеллект арқылы өнделіп, порталға шығарылады. Бағдарлама жұмыс іздеген адаммен сауалнама өткізіп барып, мамандығына ғана емес, біліктілігін негізге ала отырып ұсыныс жасайды. 

Самал Қадырова - жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

-Бірінші сол өз өңірінде тұратын вакансиялар. Екінші жақын аумақта орналасқан ваканциялар. Үшінші республика бойынша ваканциялар беріледі. Сонымен қатар бұл платформа арқылы жаңағы көші-қон бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қысқа мерзімді оқуға баруға мүмкіндік туады. 

Цифрлық сауаттылығы төмен, смартфон функцияларын жетік білмейтін адамдарға мансап орталықтары көмектеседі. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеке жұмыс орындары тізімі жасалған. 

Қарлығаш Асаймова - Павлодар қаласының мансап орталығының басшысы

-Біздің мансап орталығына келген адамдарға тіркелуге ғана емес, сауаонамаға жауап берулеріне де көмектесеміз. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыс таңдау барысында диагнозына ерекше мән беріледі. Яғни, бағдарламада әр адамға жекелей және тиянақты түрде жұмыс тауып беру ескерілген. 

Пилоттық платформа шілде айында іске қосылды. Әзірге тек Ертіс-Баян өңірінде жұмыс істеп тұр. Осы бір ай ішінде 39 мың адамға хабарлама жіберілген. Олардың 200 кері байланысқа шығып, жұмыс іздеуші ретінде кезекке тұрған. Ал, 926 адам тұрақты жұмыс тауыпты. Бағдарлама осы жылдың желтоқсан айынан бастап барлық өңірлерде қолданылмақ. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар