Негізгі Жаңалықтар Павлодарлық ұстаздар тамыз кеңесіне қатысты

Павлодарлық ұстаздар тамыз кеңесіне қатысты

Павлодарлық педагогтар тамыз кеңесіне қатысты. Онда жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды. Толығырақ тілші сюжетінде. 


Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды шаралардың бірі тамыз кеңесі. Бұл өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылына бағыт бағдарды айқындайтын межелі кездесу. Естай мәдениет сарайында өткен конференцияға Оқу ағарту министрлігінің комитет төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев та қатысты. 

Конференция барысында білім сапарын арттыру, адами капиталды дамыту, заманауи технологиялар мен жасанды интелектіні оқу процесіне енгізу, балалардың өауіпсіздігі мәселелері талқыланды. 

Зәуреш Ахмадова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы

Өткен оқу жылы Павлодар қаласының білім беру жүйесінің беріктігін және педагогикалық қауымдастықтың әркез дамуға дайындығын көрсетті. білім беру жүйесін қаржыландыру білім беру саласының маңызды бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда білім беру ұйымдары 140-тан 145-ке өсті. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары ашылды. бір уақытта мемлекеттік емес сектор да нығайып келеді. 

Кеңес аясында цифрлық көрме ұйымдастырылып, заманауи техникалық шешімдер, озық педагогикалық тәжірибелер таныстырылды. Жасанды интелект, цифрлық технологияларды қолдану арқылы қолға алынған жобалар, платформалар ұстаздардың жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. 

Наиль Қуаныш, жоба жетекшісі 

Бұл Қазақстан нарығындағы бірінші мұғалім ассистенті. Ол екі тілде сабақ түсіндіреді, сабақ тексереді. Сұрақтарға жауап береді. Интерактивті тақтаға қосылады. Сканер құрылғысы оқушыларды тест тапсырмаларын, жалпы жазбаша жұмыстарын сканермен тексереді. Оқушы жазған жұмыстарды мында сканерлеп тексеруге болады. барлық тапсырмалар құрылғыларға жүктелген, немесе мұғалім з тапсырамаларын өзі жүктей алады. Осылайша педагогтың жұмысы жеңілдей түспек. 

Тамыз кеңесі – ел ертеңі болашақ ұрпақтың сапалы әрі жан жақты заманауи білім алуының қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жиында өткен оқу жылындағы жетістіктер айтылып, жаңа оқу жылына бағыт бағдар айқындалды

Самал Қалиқызы



Бөлісу

Аймақтық телеарналар